top of page
カザフスタン

Жапон мәдениеті

Жапон өнері

Жапон өнері туралы сөз болған кезде «ваёка» деген термин жиі қолданылады. Нара дәуірінен кейін Қытай және Корей түбегі сияқты сырт елдерден енген мәдениетті жапон қоғамы мен жапондардың жан дүниесіне ыңғайлап жапонша бейімдеу, жапонша бояу қосу дегенді білдіреді. Шет елдің мәдениетін белсенді түрде қабылдап, оны жапондардың ыңғайына, талғамына сай өзгерту деген нәрсе біраз уақыт қайталанып келді. Арасында Хэйан дәуірі, өзге әлемнен оқшауланған Эдо дәуірі сияқты кезеңдерде жапонның өзіне тән ерекше мәдениеті гүлденген, дамыған кездер де болды. Жалпы қарайтын болсақ, Жапонияның басқа елдің мәдениетін қабылдап, оны өз ерекшелігіне сай өзгертіп отыру процесінің қайталануы барысында жапон өнерінің өзіндік ағымы пайда болды десек болады. Нәзік эмоциялар мен мұң, жылдың төрт мезгілінің өзіне тән ерекшелігіне терең бойлайтын жапондардың табиғатқа деген көзқарасы, ұсақ-түйекті қадірлей білетін рух деген сияқты дүниелер жапон өнерінің тамырында жатса керек. 

Жапон өнері туралы өнер тарихы тұрғысынан емес, оның мазмұны тұрғысынан айтсақ, Жапонияға келген шетелдіктерге жапон мәдениетін бағалауға үлкен көмек болар деген ойдамыз.

日本の美術

Жапонияға қыдырып келген көптеген шетелдіктер бір рет болса да буддистік храмға барып көреді. Тіпті олар буддизмге қызықпаса да, басым бөлігі міндетті түрде бір-екі храмға барып көреді. Осылай болуы да заңды. Өйткені Жапонияда буддистік храм өте көп. 2020 жылғы жүргізілген санақ бойынша елде 55 852 минимаркет болса, буддистік храмдардың саны 77 042 болған. Ал синтоистік храмдардың саны тіпті 86 648 екен. Қалай болғанда да, буддистік храмдар күнделікті керек заттар сатылатын дүкендерден көп. Сондықтан да туристік орындарға айналған ұлт жауһары деңгейіндегі атақты храмдарға бармаса да, Жапонияға жұмыспен келген шетелдіктердің өзі мың сан жұмысының арасынан уақыт тауып, жақын маңдағы шағын храмға кіріп шыға алады. Солай барғанның өзінде, ондағы Будданың мүсінін көріп, қатты әсер алады, түрлі қарапайым сұрақтардың жауабын білуге ұмтылады.  

 

Шындығында буддизм өнері мен Будда мүсіндерін жасау өнері жапон өнерінің үлкен бір бөлігін құрайды. Төменде Будда мүсіндерін жасау өнеріне қатысты шағындап жүйелеп айтсақ дейміз.

Жапонияда аттары түрліше Будда мүсіндері көптеп кездеседі. Оларды негізінен төрт түрге бөлуге болады.ります。
① Нёрай (Татхагата)
② Босацу (Бодхисаттва)
③ Тен (Дэвараджа)
④ Мёо (Видья-раджа)

Бұдан басқа да атақты монахтардың мүсіндері бар. Негізінен жоғарыда аталған Будда мүсіндерінің төрт түрінің мәнін ұғып, оларды ажырата алатындай болсаңыз, Будда мүсінін бірден-ақ етене жақын сезіне аласыз.

Келесі түсіндірме Киото ұлттық мұражайының веб-сайтынан алынған. Сайтқа өту

Тен (Дэвараджа)

Тен немесе «Тенбу» – бұл, қысқаша айтсақ, аспан әлемінде жүргеннің бәрін жалпылап атайтын, «құдай» дегенді білдіретін сөз. Буддизм шыққанға дейін адамдар табынып келген брахманизм, индуизм және де басқа діндегі құдайлар буддизмге өтіп, буддизмнің қорғаушы құдайларына айналған. Жібек жолы арқылы Қытайға, сосын Жапонияға Буддизм ілімі тараған кезде, әр жердің жергілікті өз құдайлары да қорғаушы құдайлар ретінде буддизмге енген. 

 

Бонтен – ежелгі үнді дінінде әлемді жаратушы ретінде табынған Брахма құдайы. Ал Тайшякутен – ежелгі үнді дінінде соғыс пен ерліктің құдайы ретінде табынған Индра құдайы. 
Храмдарда жиі көретін Шитифукуджин – Жапонияда бақыт әкелетін құдай саналатын жеті құдай. Бұл жетеуіне Эбису, Дайкокутен, Фукурокуджю, Бишямонтен, Хотей, Джюроджин және Бендзайтен жатады. Бұл құдайлардың әрқайсысы кезінде индуизм, буддизм, даосизм, синтоизм сияқты түрлі діндерге тиесілі болған құдайлар. Төменде осы жеті құдай туралы аз-маз ақпарат бере кетейік.

・Эбису – «сауданы өркендететін» және «мол өнім» әкелетін құдай. Оған балық аулағанда мол табыс, теңізде жүзгенде қауіпсіздік әкеледі деп сенеді. Бұл жапондардың өздерінен шыққан жалғыз құдай. Ол оң қолына қармақ ұстап, сол жақ қолтығына теңіз табан балығын қысып жымиып тұрған қалыпта бейнеленеді.

・Дайкокутен – индуизм құдайы. Дайкокутен – бұл Махакала, қирату мен жарату сияқты түрлі қасиетке ие индуизм құдайы Шиваның өзгерген кейпі. Махакала – Шива құдайының бүкіл әлемді күлге айналдыратын кездегі бейнесі. Алайда Жапонияға енген сәтінде оны халық жапонның ежелгі құдайы Окунинушимен бір құдай ретінде қабылдап кеткен. Оған байлық әкеледі, кәсіпті гүлдендіреді деп сенеді. Ол қолына сілкісе болды, қалаған затыңды шығарып беретін сиқырлы балға ұстап, үлкен бақыт дорбасын асынып алған болып бейнеленеді.

・Фукурокуджю – қытайдың даосизм дінінен енген құдай. Оған даосизмде «үш бақыт» саналатын «бала сүю», «ақшалы болу» және «ұзақ өмір сүру» бақытын әкеледі деп сенеді. Ол басы сопақша келген ақ сақалды дәруіш ретінде бейнеленеді.

・Бишямонтен байлық пен қазынаның иесі болып есептелетін индуизм құдайы Кубераның негізінде шыққан. Бұл құдай Буддизмге енгеннен кейін адамдар оған соғыс құдайы ретінде табына бастады. Сонымен қатар, ол жын-сайтандарды қуады деген де сенім бар. Оны әскери қолбасшы сияқты қалыпта бейнелейді.
 

・Хотей Қытайда шынында да өмір сүрген делінетін дзен монахының негізінде шыққан. Ол өзінің табынушылары берген тұрмысқа қажет заттар салынған үлкен дорбасын тастамай арқалап жүріп, мұқтаж адамдарға таратқан дейтін әңгіме бар. Оны бақ пен байлық әкелетін құдай деп санайды. Дөңгеленген үлкен қарны бар, сырғалығы салбыраған кейіпте бейнелейді.
 

・Джюроджин – Қытайдың даосизм дінінен шыққан ұзақ ғұмыр сыйлайтын құдай. Ол мәңгі өлмейтін дәруіш ретінде, басына күләпара киген, ұзын ақ сақалды кейіпте бейнеленеді. Оны Фукурокуджюмен шатастырып алу оңай. Сондықтан ол қарт па және күләпара киген бе, жоқ па дегенге мән берген дұрыс. Яғни, егер күләпара киген болса, ол Джюроджин, ал егер сопақша басы жалаңаш болса, ол Фукурокуджю болғаны.

・Бендзайтен дегеніміз – әу баста индуизмдегі әйел құдай Сарасвати. Үнділер оған өзен құдайы ретінде табынған. Буддизмге енгеннен кейін ол музыкалық қабілет, талант, байлық пен даналық сыйлайтын аспан аруына айналып шыға келді. Ол су құдайының да қасиеттерін сақтап қалғандықтан, суды көп қажет ететін күріш егу шаруашылығы дамыған Жапонияда жұрттың ықыласына бөленген, Жапонияның аралдары мен теңіз жағалауы аймағында ерекше дәрежеленеді. Бақыт әкелетін жеті құдайдың ішіндегі жалғыз әйел құдай екенін есте ұстасаңыз жеткілікті.

天-1.jpg
Канагава префектурасы Одавара қаласы Чёонджи храмындағы Бақыт әкелетін жеті құдайдың мүсіні
Суретті мына сайттан көре аласыздар. ➡Сайтқа өту

Токионың тарихи-мәдени орындарын аралаған кезде Асакусадағы Сенсоджи храмына кіре берістегі атақты Каминаримон қақпасы міндетті түрде барып көруге тұратын орындардың бірі. Ортадағы алып шамның екі жағына «Фуджин Райджин» мүсіндері орналасқан. Бұл «Фуджин» (жел құдайы) мен «Райджин» (найзағай құдайы) екеуі де Тенбуға жатады. Оң жағындағысы Фуджин, сол жағындағысы Райджин.

天-2.jpg
Сэнсоджи храмының Каминаримон қақпасындағы Фуджин мен Райджин мүсіндері
Суретті мына сайттан көре аласыздар. ➡Сайтқа өту

Мёо

Будда мүсіндерінің соңғы бір түрі – Мёо мүсіндері.
Үндістанда бұрыннан келе жатқан индуизмнің кейіннен буддизммен араласып барып дамыған түрі эзотерикалық буддизм болып саналады. Осы жерде буддизмнің эзотерикалық және экзотерикалық деген екі түрі бар екенін айта кетсек. Экзотерикалық буддизм – Будданың ілімін сөзбен анық түсіндіріп жеткізетін түрі. Ал эзотерикалық буддизм – сөзбен ғана айтып жеткізе алмайтын ақиқат ілімді, осы өмірде жүріп-ақ Буддаға айналу мүмкін екенін үйрететін түрі.

 

Мёо дегеніміз сол эзотерикалық буддизмге ғана тән мүсін. Индуизмдегі әртүрлі құдайлардың бейнесі қосылғандықтан, оның дидары мен қолының саны көп. Оған Дайничи Нёрайдың бұйрығымен буддизм дініне әлі бет бұрмаған адамдарды осы дінге кіргізу деген міндет жүктелген. Фудо Мёодан бастап, көптеген мүсіндері қатты ашуланып тұрған кейіпте сомдалған. Бұл мейірімді жүрекпен ғана құтқару мүмкін емес адамдарға арналған көрінеді.
Келесі үш мүсін Мёоның басты мүсіндері саналады.

・Фудо Мёо адамдардың бұл дүниедегі нәпсі қалауларын тыйып, Будданың жолына бағыттайды. Фудо Мёо өзіне дұға қылған адамдардың жүрегіндегі зұлымдықтың бәрін өртеп, жоқ қылып жібереді деп айтылады. Оның қылышында «кез келген нәрсені қиратып тастайтын» күш бар делінеді. Фудо Мёоның негізінде үнді мифологиясында кездесетін үш ұлы құдайдың бірі Шива жатыр деп есептеледі.

明王-1.jpg
Тодайджи храмындағы ұлттық жәдігер Фудо Мёо мүсіні
Суретті мына сайттан көре аласыздар.  ➡Сайтқа өту

・Айдзен Мёоны бір сөзбен «махаббат құдайы» деп сипаттауға болады. Буддизмде жыныстық құмарлық нәпсі қалауларының бірі саналады. Одан тыйылу жүрек көзі ашылып, нұрланудың жолына бастайды деп есептеледі. Алайда эзотерикалық буддизмде нәпсі қалаулары болғандықтан да адамда нұрлануға деген ықылас пайда болады деп есептейді. Соны осы Айдзен Мёо арқылы көрсетеді. Айдзен Мёо жыныстық құштарлықты дұрыс жолға бұрып, оны таза энергияға айналдырады. Бүкіл денесінің қызыл болуы оның ерекшелігі болып табылады. Оған жұрт некелесу, сәтті неке құру, ерлі-зайыптылар арасындағы жарасымдылықтан басқа, жалпы адамдардың өзара қарым-қатынасындағы гармония сияқты «құрмет және сүйіспеншілік» игілігін сыйлайды деп сенеді.

明王-2.jpg
Токио ұлттық мұражайындағы Айдзен Мёоның ағаш мүсіні
Суретті мына сайттан көре аласыздар. ➡Сайтқа өту

・Куджяку Мёо улы жыландармен қоректенетін тауыс бейнесіндегі индуизм құдайының негізінде пайда болған. Үндістанда ол әу баста әйел құдай болған. Буддизмде ол нәпсі қалаулары, азап, үрей, апат сияқты жамандықтарды қуып, адамдарды бақытқа жетелейді деп есептеледі. Басқалардай емес, жүзінде ешқандай ашу-ызаның жоқтығы және қолына қару да ұстамайтыны оның негізгі ерекшелігі саналады.

明王-3.png
Коя тауындағы Рейхокан мұражайында сақталған Куджяку Мёо мүсіні
Суретті мына сайттан көре аласыздар.  ➡Сайтқа өту
カザフスタン

​Қазақстан-Жапония

Жібек жолықауымдастығы

Контактілер

Хатшылық мекен-жайы

Sanei Building 3F, 5-23-7 Shimbashi, Minato-ku, Tokyo 105-0004

Телефон нөмірі

ТЕЛ: 03-3432-2250      ФАКС: 03-6809-2292

bottom of page