Kazakhstan-Japan Silk Road Association
ҚАЗАҚСТАН-ЖАПОНИЯ ЖІБЕК ЖОЛЫ ҚАУЫМДАСТЫҒЫ

Ол жерде біз 1949 жылы Семейде басталған кеңестік ядролық сынақтардың (1989 жылға дейін 40 жыл бойы барлығы 456 рет жүргізілген) зардабын тартып, ақ қан ауруына шалдыққан нәрестелер мен балаларға толы палаталарды көрдік. Лейкозға қарсы дәрі-дәрмектің жетімсіздігі ең үлкен мәселе екен. Келесі 1994 жылдан бастап, дәрі-дәрмекті қол жүгімен кеденнен алып өту мүмкін болмай қалған 2002 жылға дейін жыл сайын біз оларға лейкозға қарсы дәрі-дәрмектер, сүлгілер, қолғаптар, тәттілер, т.б. жеткізіп тұрдық.
В больнице мы увидели полные палаты детей до года и старше, пострадавших, вероятно, от советских ядерных испытаний, которые начались в Семипалатинске в 1949 году, и проходивших лечение от лейкемии. Ядерные испытания проводились на протяжении 40 лет, вплоть до 1989 года, и в общей сложности проходили 456 раз. Самая большая проблема заключалась в том, что лекарств, эффективных при лейкемии, было очень мало. Начиная со следующего, 1994-го, года и заканчивая 2002-м (когда больше не стало возможности проходить таможню с лекарствами в ручной клади), мы каждый год привозили в больницу лекарства от лейкемии, полотенца, перчатки, сладости и проч.
Сол аралықта 1994 жылы доктор Ормантаев пен доктор Омарованы Жапонияға шақырдық. Екеуі Әулие Лука халықаралық ауруханасы сияқты жерлерде болып, сол кездегі педиатрия бөлімінің меңгерушісі Риота Хосоямен емдеу тәсілдері және басқа да тақырыптар бойынша пікір алмасты. Содан кейін де Қазақстан үкіметі МЖӘ (мемлекеттік-жекеменшік әріптестік) формасын енгізіп, Жапониядағы аталмыш әріптестіктің озық үлгілерімен танысуға өтініш білдірген соң, біз Астанаға сол тақырыпта дәріс оқу үшін бірнеше рет бардық.
2015 жылы біз Нара префектурасының Кашихара қаласында «Жапон Теракоясы» компаниясының негізін салдық. «Жапон Теракоясы» президенті ретінде мен Қазақстан-Жапония адам ресурстарын дамыту орталығымен (директоры Жанар Бақытбекқызы Оразғалиева) бірлесе отырып, қазақстандық студенттерді Кашихара қаласына шақыру жобасын (Кашихарадағы туризм жобасы) бастадым. 2016 жылдың тамыз айында 13 қазақстандық студент жапон мәдениетінің бастауы саналатын Кашихараға келіп, жапон тарихы және мәдениетімен танысты. 2019 жылға дейін біз жыл сайын көптеген студенттерді шақырып, Жапонияны таныстырдық.
2018 жылдың 4 наурызында мен, яғни «Жапон Теракоясы» басшысы Кадзуо Уэда мен Қазақстан-Жапония адам ресурстарын дамыту орталығының директоры Жанар Бақытбекқызы Оразғалиева екеуіміздің арамызда Қазақстан-Жапония Жібек жолы қауымдастығын(Kazakhstan Japan Silk Road Association)құру туралы құжатқа қол қойылды. Меморандумда егжей-тегжейлі жазылғандай, мұндай қауымдастық құрудың мақсаты – екі ел арасындағы достықты нығайтатын іс-шараларды жүзеге асыру. Осы уақытқа дейін Алматыда көктемде өтетін жапон тілінен шешендік өнер сайысы мен күзде Орталық мемлекеттік мұражай ғимаратында ұйымдастырылатын «Алматыдағы жапон мәдениеті күні» деген шараға қолдау көрсетіп келеміз.
Қазіргі таңда біздің қауымдастықта Қазақстаннан 400-ге жуық адам бар. Ал Жапония жақтан қауымдастық мүшелерін іріктеу жақын арада жүргізіледі. Адамдар арасында терең қарым-қатынастың орнауы ең маңызды нәрсе деп есептейтіндіктен, мен біздің қауымдастық арқылы адамдар арасындағы мәдени байланысты одан әрі дамытқым келеді. Осы мәселеде барлығыңыздың қолдауларыңызға үміт артамын.
17.11.2022.
Қазақстан-Жапония Жібек жолы қауымдастығының төрағасы
Кадзуо Уэда
Қауымдастық төрағасы Кадзуо Уэда (қызмет жолы)
Itochu корпорациясы
(1971 жылдың сәуірінен бастап)
Ұлыбританияның Morgan, Grenfell & Co.банкі
(1990 жылдың қаңтарынан бастап)
«PricewaterhouseCoopers Aoyama» компаниясы
(1995 жылдың сәуірінен бастап)
Жапонияның PFI (жеке инвесторлар) қауымдастығының құрылуы
(1999 ж. қыркүйек)
«Жапон Теракоясы» компаниясының құрылуы
(2015 ж. мамыр)
LUKES Co., Ltd құрылуы
(2015 ж. мамыр)
ТАРИХ
2018 жылы құрылған кезден қазірге дейін
2024 жыл
2023 жыл
2022 жыл
2021 жыл
2020 жыл
2019 жыл
2018 жыл
2017 жыл
1993 жыл
23.01.2024.
Директор болып Мадина Шадаева тағайындалды.
11.03.2023.
Қазақстандық жапон тілінен шешендік өнер сайысына әділ қазылар алқасының мүшесі ретінде қатысып, сайыскерлерге жүлде тағайындауға атсалыстық.
24.09.2022.
«Алматыдағы жапон мәдениеті күні» (Алматы қаласындағы Орталық мемлекеттік мұражай)» шарасында біз жапон мәдениетімен танысу бұрышын ұйымдастырып, көптеген келушілерге жапонның ұлттық кимоносын киіп көруге мүмкіндік жасадық.
12.03.2022.
Қазақстандық жапон тілінен шешендік өнер сайысына ZOOM арқылы қатысып, сайысқа жүлде тағайындадық.
2021 ж. мамыр
KJASR мүшелері International Art Generation ұйымдастырған «Музыканы бейнелейік!» атты шараға қатысты.
13.03.2021.
Қазақстандық жапон тілінен шешендік өнер сайысына ZOOM арқылы қатысып, сайысқа жүлде тағайындадық.
5.09.2020.
22-ші Қазақстандық жапон тілінен шешендік өнер сайысына ZOOM арқылы қатысып, сайысқа жүлде тағайындадық.
Сайыстың қазылар алқасы кеңес өткізген кездегі үзілісте Акита префектурасының Юзава қаласынан келген гейша-майколардың қойылымын сахналап, дәстүрлі озашики биін Ютубтің тікелей эфирінен көрсеттік.
2019 ж. қараша
Алматы қаласындағы бұрынғы Ұлттық мұражайда өткен «Жапон мәдениеті күні» деп аталатын жапон мәдениеті фестиваліне KJASR да қатысты.
2019 ж. мамыр
Қазақстандағы Grand Voyage қонақүйінде KJASR қауымдастығының жыл сайынғы есеп беру жиналысы болып, президент Уэданың жапон мәдениетіне арналған арнайы семинары мен басқосу кеші өткізілді.
2.03.2019.
Қазақстандық жапон тілінен шешендік өнер сайысына қатысып, сайысқа жүлде тағайындадық.
2019 ж. наурыз
KJASR қолдауымен Қазақстанда қалалық Достық үйінде жапонның дәстүрлі музыкалық аспаптар триосы «Деншя» тобы өнер көрсетті.
2019 ж. ақпан
KJASR қолдауымен Қазақ ұлттық консерваториясында Жапонияның мәдениет істері жөніндегі агенттігінің өкілі Тошико Йонекаваның концерті өтті.
2018 ж. тамыз
Қауымдастықтың қазақстандық мүшелері Кашихарадағы туризм жобасы аясында жапон мәдениетімен танысу турына қатысты.
2018 ж. сәуір
KJASR-ға арналған үздік логотип байқауы өтті.
2018 ж. сәуір
2020 жылы Токиода өтетін Олимпиада ойындары кезінде қазақстандық делегацияны Нара префектурасы Кашихара қаласына қабылдау туралы ұсынысымызды Министрлер Кабинеті бекітті. Қазақстан Олимпиада комитетінің келісімімен Қазақстан волейбол командасын Кашихараға шақырып, жапонның ұлттық кимоносын кигізіп көрсетіп, қаламен таныстырдық.
4.03.2018.
Қазақстанның Алматы қаласында «Жапон Теракоясы» компаниясының басшысы Кадзуо Уэда мен Қазақстан-Жапония адам ресурстарын дамыту орталығының директоры Жанар Бақытбекқызы Оразғалиева Қазақстан-Жапония Жібек жолы қауымдастығын(KJASR)құру туралы құжатқа қол қойды.
3.03.2018.
Қазақстандық жапон тілінен шешендік өнер сайысына қатысып, сайысқа жүлде тағайындадық.
13.03.2017.
Қауымдастық өкілдері Қазақстан Ұлттық Олимпиада комитетіне визит жасады.
11.03.2017.
Қазақстандық жапон тілінен шешендік өнер сайысына қатысып, сайысқа жүлде тағайындадық.
1993 ж. қараша
«Қазақстанда балалар лейкозының халықаралық орталығын ашу қоры» құрылды.

Қазақстан-Жапония
Жібек жолықауымдастығы