top of page
カザフスタン

Қазақстан мәдениеті

料理
ҚАЗАҚ ТАҒАМДАРЫ

Қазақ тағамдары ет пен ұн өнімдеріне өте бай, сондықтан олар тойымды және құнарлы болып келеді. Сорпа мен гарнирдің қоспасына ұқсайтын тағамдар да көп. Көкөністер мен дәмдеуіштер оларға түрлі түс беріп, дәмін қанық қылады.

カザフスタン

Қазақтың ең дәмді 20 тағамы және олардың жасалу әдісі

Қазақша ет (Бешбармақ)

カザフスタン

Бешбармақ – жылқы немесе қой етінен пісірілетін тағам, қазақша оны қазақша ет, яғни «қазақтың еті» деп атайды. Бұл дәстүрлі түрде қолмен жейтін Қазақстандағы ең танымал тағам.


<Қажетті азық-түлік>
1,5 кг қой немесе жылқы еті, 400 г пияз, 100 г сәбіз, 2 л су, тұз, бұрыш, 1 жұмыртқа, 500 г ұн, қамырға 200 мл су.


<Пісіру әдісі>
Етті суға салып, қатты отта бір қайнатып, көбігін алып, баяу отта 2-3 сағат қайнатыңыз. Әлсін-әлсін көбігін алып отыру керек. Әркім өз қалауынша сәбіз, картоп қосса болады. Қамырды ұн, жұмыртқа, тұз және су қосып илеп, шамамен 30 минутқа қойып қойыңыз.
Содан кейін қамырды жұқа етіп жайып, ені 5-7 см шамасында төртбұрыштап кесіңіз. Кесілген жайманы тағы 20 минутқа қойып қойыңыз. 
Сорпадан етті (сәбіз, картопты) сүзіп алып, етті жапырақтап ірілеу қылып тураңыз. Тұздық үшін пиязды дөңгелектеп кесіп, үстіне аздап тұз бен қара бұрыш сеуіп, майлы сорпа құйып, шамамен 3-4 минут қайнатыңыз. Еті алынған сорпаны қатты қайнатып, жайманы салыңыз. Піскен қамырды табаққа сүзіп алып, алдымен қамырына тұздық құйып араластырып алыңыз. Бетіне туралған етті және сәбіз бен картопты ретімен орналастырыңыз. Туралған еттің үстіне де тұздық салсаңыз болады. Ал сорпасын бөлек құйып беру керек.

Еттен жасалған манты

Туралған немесе тартылған ет пен пияз қосып буға пісірілген, қазақы үлгідегі үлкен хош иісті манты.


< Қажетті азық-түлік >
500 г ұн, 1 жұмыртқа, 1 қасық тұз, зира, бұрыш, 500 г пияз, 1 кг қой немесе сиыр еті, 100 г құйрық май немесе сиыр майы, су.

 

< Пісіру әдісі >
Қамырын дайындау үшін ұнға жұмыртқа, тұз және су қосып, жақсылап илеп, оны шамамен 20 минутқа қойып қойыңыз. 
Етті майда қылып турап, пияз, дәмдеуіштер және тұзды сумен араластырыңыз. Құйрық майды немесе сиыр майын турап, етпен араластырыңыз.
Қамырды жұқа етіп жайып, ені мен ұзындығы бірдей 10-12 см шамасында тіктөртбұрыштап кесіп, дайындалған салманы қамырдың ортасына қойып, қамырдың аузын түйіңіз. Түйілген мантыларды шамамен 30-45 минут арнайы ыдыста буға пісіріп аласыз.

カザフスタン

Картоп қосылған манты

カザフスタン

Етті ұнатпайтындар үшін картоп қосылған манты.
 

< Қажетті азық-түлік >
500 г ұн, 200 мл су, 1 жұмыртқа, 1 шай қасық тұз, 1 кг картоп, 700 г пияз, 200 г сары май, 1,5 шай қасық зира, бұрыш.

 

< Пісіру әдісі >
Қамырын дайындау үшін ұнға жұмыртқа, тұз және су қосып, жақсылап илеп, оны шамамен 20-30 минутқа қойып қойыңыз. 
Картоп пен пиязды майдалап тураңыз. Оған басқа да ингредиенттер мен дәмдеуіштерді қосып, бәрін араластырыңыз.
Қамырды жұқа етіп жайып, ені мен ұзындығы бірдей 10-12 см шамасында тіктөртбұрыштап кесіп, дайындалған салманы қамырдың ортасына қойып, қамырдың аузын түйіңіз. Түйілген мантыларды арнайы ыдыста шамамен 30-45 минут буға пісіріліп аласыз.

Палау

Палаудың қазақша нұсқасы – қазақ асханасының ажырамас бөлігі.


< Қажетті азық-түлік >
400 г қой немесе сиыр еті, 1,5 кесе күріш, 1 пияз, 2 сәбіз, 100 г мейіз, сиыр майы, өсімдік майы, дәмдеуіштер.


<Пісіру әдісі>
Қызып тұрған қазанға сұйық май құямыз. Қатты қызған кезінде құйрық май мен кесектеп туралған етті салып, жақсылап қуырамыз. Еттің сырты біршама қызарып қуырылған соң, пияз салып, тағы біраз қуырамыз. Сосын ұзынша етіп туралған сәбізді салып, аз ғана қуырып, керекті дәмдеуіштерді салып, артынша қайнаған су құямыз. Еті мен сәбізі жұмсарған соң, алдын ала жуылған күрішті тегістеп қуырмаштың бетіне орналастырамыз. Осы кезде әркім өз қалауынша жуылған мейіз, ноқат қосуға болады. Күріштің бетінен 1 см асатындай су құю керек (1 кг үшін 1,5 литр). Суды бойына сіңіріп алған соң, күрішін төбешік қылып үйіп, бірнеше жерден тесіңіз. Сосын қақпағын жауып, 5 минуттан кейін астындағы отын басып, тағы да 10 минуттай қойып қойыңыз.

カザフスタン

Сірне

カザフスタン

Қазанда піскен тоқты еті.

< Қажетті азық-түлік >
1 кг қой еті, 50 г май, 350 г пияз, сарымсақ және дәмдеуіштер.

 

<Пісіру әдісі>
Етті үлкен кесек қылып турап, тұздап, біраз уақыт қойып қою керек.
Пиязды сақиналап турап, туралған аскөк пен сарымсақ қосып араластырыңыз.
Қойдың құйрық майын немесе іш майын жұқа етіп тураңыз.
Үлкен қазанның түбіне майды, сосын қабаттап ет, пияз, аскөк, сарымсақты саласыз. Әр қабатына дәмдеуіш қосып отырасыз. Қазанның қақпағын мықтап жауып, баяу отта шамамен 3-4 сағат бұқтырасыз.

 

Самса

Ең танымал қазақ бәлішінің түрі. Самса салмасына асқабақ, картоп қосуға болады. Самсаның ет пен пияз қосылған түрі көп тараған. Самсаны қой етінен дайындаса, дәмді шығады. Бұл жерде ең көп таралған жасалу әдісін беріп отырмыз.
 

<Қажетті азық-түлік>
500 г тартылған ет, 2 пияз, 10 г тұз, 1 стакан су, бұрыш, 3 кесе ұн, 250 мл өсімдік майы, жарты шәй қасық сода.

 

<Пісіру әдісі>
Самсаның қамырын дайындау үшін әдетте ұнға су қосып, қаттылап илейді. Сосын қамырды орап, тоңазытқышқа салып қояды. Самсаның қатпарлы және қатпарсыз түрі болатынын айта кеткен жөн.
Ет пен майды, пиязды ұсақтап турап, зира, қара бұрыш қосып араластырамыз. Соңынан туралған аскөкті қосамыз.
Қамырды шағын бөліктерге бөліп, жеке-жеке жайып аламыз. Жайылған қамырға салмасын салып, үш бұрышынан бекітеміз. Әдетте самсаны пешке, тандырға пісіреді.

カザフスタン

Көктал

カザフスタン

Отқа қақталған балық. Әдетте оны арнайы пеште пісіреді, бірақ кәдімгі пеште де пісіруге болады.
 

<Қажетті азық-түлік>
1,5 кг сазан балығы, 200 г қызанақ, 100 г пияз, 150 г баклажан, 80 г болгар бұрышы, 80 г ірімшік, 4 сарымсақ түйірі, дәмдеуіштер.

 

<Пісіру әдісі>
Балықты тазалап, филесін қалдыру үшін омыртқасын кесіп алып тастаңыз.
Дәмдеуіштер қосып, 30 минут қойып қойыңыз.
Жалпақ қылып төселген балықтың үстіне туралған пиязды және майдалап туралған басқа да көкөністерді салыңыз.
Үстіне ірімшік сеуіп, алдын ала қыздырылған пеште 180°C температурада шамамен 50 минут пісіріңіз.

Шелпек

Қазақтың дәстүрлі қуырылған жалпақ жұқа наны. Әдетте жетеу қуырады. «Жеті шелпек» деп те айтады.  
<Қажетті азық-түлік>
1 кесе ұн, 1 стакан сүт, 1 ас қасық сары май, 1 шай қасық қант, бір шымшым тұз.


<Пісіру әдісі>
Ұнды електен өткізіп, тұз бен қантпен араластырыңыз.
Ұнға жылы сүт құйып, қамыр илеп, 15 минут қойып қойыңыз.
Қамырды қайтадан илеп, тағы біраз қойып қойып, 7 бөлікке бөліңіз.
Әрбір бөлігін қалыңдығы 2-3 мм болатындай етіп дөңгелектеп жайыңыз. Қыздырылған майда қуырып алыңыз.

カザフスタン

Балқаймақ

カザフスタン

Дәмі тіл үйіретін жаңа қайнатылған қаймақ, сүттен жасалатын ұлттық тағам. Десерт ретінде нанға жағып жеуге болады.


<Қажетті азық-түлік>
400 мл жаңа піскен кілегей, 2 ас қасық ұн, 3 ас қасық бал.


<Пісіру әдісі>
Кілегейді қоюланғанша қыздырып, ұн мен бал қосып араластырыңыз.
Отын басып, араластырып отырып, шамамен 10 минуттай қайнатыңыз.

Балықтан жасалған бешбармақ

Қазақстанның белгілі бір аймақтарында ғана істелінетін, бірақ таныстыруға тұрарлық дәмді тағам.
 

<Қажетті азық-түлік>
800 г бекіре, 3 бас пияз, 2 лавр жапырағы, дәмдеуіштер, 1 жұмыртқа, 1 стақан ұн, су.

 

<Пісіру әдісі>
Балықтың терісін сылып алып тастаңыз, оны жақсылап жуып, үлкен кесектерге кесіңіз. Қазанға немесе кәстрөлге балықты салып, үстіне су құйып, тұз, лавр жапырағы мен дәмдеуіштер салып, 30-40 минут қайнатыңыз. Ұн, тұз, жұмыртқа және су қосып қамыр илеп, жайып, төртбұрыштап кесіп, балықтың сорпасына салып, піскен соң сүзіп алыңыз.
Тұздық жасау үшін пиязды сол сорпада қайнатып алыңыз. Қамырды табаққа салып, бетіне тұздық құйып, үстіне піскен балықты салыңыз.

カザフスタン
カザフスタン

​Қазақстан-Жапония

Жібек жолықауымдастығы

Контактілер

Хатшылық мекен-жайы

Sanei Building 3F, 5-23-7 Shimbashi, Minato-ku, Tokyo 105-0004

Телефон нөмірі

ТЕЛ: 03-3432-2250      ФАКС: 03-6809-2292

bottom of page