top of page
カザフスタン

Қазақстан мәдениеті

カザフスタン

Қазақтың ең дәмді 20 тағамы және олардың жасалу әдісі

料理2

Қуырдақ

カザフスタン

Жаңа сойылған малдың өкпе-бауыры, мойыны, төс еті, жүрегі, бүйрегінен, сондай-ақ ішек-қарнынан ұсақтан турап әзірленетін тағам.


<Қажетті азық-түлік>
500 г өкпе, 200 г жүрек, 200 г бауыр, 2 бас пияз, 500 г картоп, сарымсақ, дәмдеуіштер, шөптер, құйрық май немесе сары май.


<Пісіру әдісі>
Ол үшін қазанға іш майды немесе құйрық майды турап салып, шыжғырып алады да, алдымен үстіне туралған өкпе, жүрек, ішек-қарын, мойын, төс етті салып, қазанның отын қатты жағып, 15-20 минут қуырады. Содан кейін бауырды салып, үстіне бұрыш, пияз қосып, әбден піскенше бұқтырып қояды.

Манпар

Қамыр мен көкөніс қосылған қазақтың қою ет сорпасы.
 

<Қажетті азық-түлік>
500 г қой немесе сиыр еті, 3 бас пияз, 1 жасыл шалғам, 2 бұрыш, 4 қызанақ, 150 мл өсімдік майы, сарымсақ, дәмдеуіштер, шөптер, 4 кесе ұн, 7 жұмыртқа, тұз.

 

<Пісіру әдісі>
Етті ұсақтап турап, қазанға 20 минут қуырып, үстіне сәбіз, пияз, болгар бұрышы, картопты ұсақ қылып турап, сарымсақ пен томат салып, 10 минуттай қуырып, үстіне бетін жауып туратындай су құйып, тағы бір 10 минуттай қайнатамыз. 1 жұмыртқа мен 1 қасық тұз қосып, қамыр илейміз. Қамырды жұқалап жайып, бетіне сұйық май жағып, майдалап төртбұрышты қылып кесеміз. Сосын оны қайнап жатқан сорпаға салып, піскенше қайнатамыз.

カザフスタン

Нарын

カザフスタン

Піскен ет пен қамырды ұсақтап турап, әбден араластырғаннан кейін, үстіне тұздық пен сорпа құйып берілетін тағам. 


< Қажетті азық-түлік >
Сүйекті 1 кг жылқы немесе қой еті, 3 бас пияз, шөптер, 3,5 кесе ұн, 1 жұмыртқа, 1 шай қасық. тұз, өсімдік майы.


< Пісіру әдісі >
Еттің үстіне 3-4 литр су құйып, 3 сағат қайнатыңыз. Ұн, жұмыртқа, тұз қосып, қамыр илеңіз. Иленген қамырды 2 сағат қойып қойыңыз. Қамырды жұқалап жайып, еті сүзілген сорпаға салып, пісіріп аласыз. Піскен ет пен қамырды ұзыншалап майда қылып турап, араластырасыз. Үстіне пияздан жасалған тұздық пен сорпа құясыз.

Шақарап

Қазақтың күнделікті істелетін қарапайым салатының түрі.


<Қажетті азық-түлік>
500 г қызанақ, 100 г пияз, аскөк немесе кинза, бір шымшым бұрыш пен тұз.


<Жасалу әдісі>
Қызанақ пен пиязды өте майдалап тураңыз, араластырыңыз және туралған аскөк пен кинза қосыңыз. Керегінше тұз бен дәмдеуіштер қосып, тоңазытқышта 15 минут салқындатып алыңыз.

カザフスタン

Сорпа

カザフスタン

Сорпаны маш, ноқат немесе бұршақ қосып, алуан түрлі қылып жасауға болады.


<Қажетті азық-түлік>
1,5 кг қой еті, 350 г пияз, 150 г сәбіз, 500 г картоп, 200 қызанақ, 200 г болгар бұрышы, 1 ас қасық тұз, 1 шәй қасықтан зира мен бұрыш, 2 л су.

 

<Жасалу әдісі>
Еттің үстіне суық су құйып, қайнатып, көбігін алғаннан кейін, баяу отта 30 минут қайнатамыз. Көкөністерді ірі қылып турап, сорпаға салып, тағы да 20 минут қайнатамыз. Сосын дәмдеуіштер мен тұз салып, артынша картоп салып, картобы піскенше қайнатамыз.

日本伝統
​文化教室

Кеспе

Бұл тағам да ет, сорпа, кеспеден тұрады.


<Қажетті азық-түлік>
500 г сүйекті қой немесе сиыр еті, 1 бас пияз, 1 тал сәбіз, лавр жапырағы, тұз,1 жұмыртқа, 500 г ұн, 2 ас қасық сүт, 150 мл су. 

 

<Жасалу әдісі>
Ұнға сүт, су, тұз, жұмыртқа қосып, қамырды қаттылау илейміз. Етті қайнатып, көбігін алып, баяу отта 1 сағаттай қайнатамыз. Лавр жапырағын, көкөніс пен дәмдеуіштерді саламыз. Піс
кен етті алып, майдалап тураймыз. Қамырды жұқалап жайып, кеспелеп турап, сорпаға салып, піскен кезде етті үстіне қайта саламыз.

カザフスタン

Салма

カザフスタン

Майлы және тойымды сорпасы аздау қуырмаш.
 

<Қажетті азық-түлік>
500 г ұн, 1 жұмыртқа, 750 мл су, 500 г қой немесе сиыр еті, 100 г құйрық май, 100 мл сұйық май, 2 бас пияз, 2 тал қызанақ, 4 болгар бұрышы, 2 тал сәбіз, 1 баклажан, 6 түйір картоп, сарымсақ, аскөк, дәмдеуіштер.

 

<Жасалу әдісі>
Құйрық майды қуырып, біраз майы шыққан соң, оған сұйық май қосып, ұзынша туралған ет, пияз, қызанақты қосып қуырамыз. Біршама қурылған соң, 20 минуттай баяу отта бұқтырамыз. Көкөністерді қосып тағы біраз қуырып, бәрі батып тұратындай етіп су құйып бұқтырамыз. 10 минуттан соң туралған аскөк қосамыз. Жұмыртқа, ұн, су, тұз қосып қамыр илейміз. Қамырды жұқа қылып жайып, ұзынша етіп турап, тұзды суда піскенше 3 минуттай қайнатып аламыз. Кеспені жеке-жеке тостаққа салып, үстіне қуырмашын салып, тартамыз.

Бауырсақ

Жасалуы қарапайым қазақ пончиктері.
 

<Қажетті азық-түлік>
700 г ұн, 10 шымшым құрғақ ашытқы, 1 кесе сүт, 1 кесе су, 50 г өсімдік майы, бір шәй қасық шамасында тұз және қант.

 

<Жасалу әдісі>
Сүт пен суды жылытып, оған ашытқы мен қант қосып, 15 минут қойып қоямыз. Біршама суыған соң, оған ұн, тұз, май қосып қамыр илеп, 2 сағат тағы қойып қоямыз. Қамырды 5-8 мм шамасында жайып, кесек-кесек қылып тураймыз. 15 минут қойып қойып, сосын көп көлемдегі қатты ысыған майға қуырып аламыз.

カザフスタン

Жент

カザフスタン

Бұл тәттіні бала туған әйелге тез күш алсын деп жасап береді немесе той мен астың дастарқанына қояды. Сары майы сапалы, жақсы май болса ғана, жент дәмді шығады.
 

<Қажетті азық-түлік>
180 г сары май, 500 г тары, 200 г қант, 150 г мейіз.

 

< Жасалу әдісі >
Тарыны құрғақ табаға қуырып, қант қосып, блендермен ұнтақтап аламыз. Мейізбен араластырып, еріген сары майды қосып, дайын қоспаны қалыпқа салып, оны бір сағат тоңазытқышқа қойып қоямыз.

Чак-чак

Ұзынша етіп туралып қуырылған қамырды сиропқа малып, үстіне жаңғақ сеуіп жасайтын тәттінің түрі.


< Қажетті азық-түлік > 
5 жұмыртқа, 330 г ұн, 200 мл бал, 100 г қант, 900 мл өсімдік майы, 1 шай қасық сода, тұз, лимон шырыны, жаңғақтар.

 

< Жасалу әдісі > 
3 жұмыртқаны және 2 жұмыртқаның сарысын әбден көбіктенгенше бұлғаймыз, 300 г ұн, тұз, лимон шырыны қосылған сода салып, қамыр илейміз. Оны жарты сағат қойып қоямыз. Қамырды жұқа етіп жайып, ұзыншалап кесеміз де,  ұнға аунатып алып, аз-аздан өсімдік майына қуырамыз.
Бөлек табаға бал мен қантты біркелкі болғанша ерітіп, қуырылған кеспелерді жаңғақ қосылған сол сиропқа шылаймыз. Дайын десертті ыдысқа ауыстырып салып, бір сағат салқындатып қойып қоямыз.

カザフスタン
カザフスタン

​Қазақстан-Жапония

Жібек жолықауымдастығы

Контактілер

Хатшылық мекен-жайы

Sanei Building 3F, 5-23-7 Shimbashi, Minato-ku, Tokyo 105-0004

Телефон нөмірі

ТЕЛ: 03-3432-2250      ФАКС: 03-6809-2292

bottom of page