top of page
カザフスタン

Жапон мәдениеті

ЖАПОН ТІЛІ

Жапон тілінің шығу тегі

Әлемде қолданыста 7000-нан астам тіл бар деп айтылады. Солардың бірі – жапон тілі. Жапон тілінде сөйлейтіндер саны туралы нақты статистика болмаса да, Жапония халқынан басқа, Жапониядан тыс жерде тұратын жапондықтар мен никкейлерді (тегі жапон шетел азаматтары) және бір кездері Жапония билік құрған аймақтардың кейбір тұрғындарын қоса есептегенде, жапон тілінде сөйлейтін шамамен 130 миллион адам бар деуге болады. Бұл сан әлемде ана тілінде сөйлейтіндер саны бойынша алғашқы ондыққа кіреді.
Бұған қоса, бір кездері Жапонияның қол астында болған Палау мемлекетінің кейбір аймақтарында жапон тілі ресми тіл саналады.
Жапон тілінің шығу тегіне қатысты «Орал-Алтай тілдер семьясы», яғни солтүстік тіл, «малай-полинезиялық тілдер семьясы», яғни оңтүстік тіл деген теория бар. Сондай-ақ, осы екеуін қабаттастырып қарайтын теория, ағылшын, парсы, үнді сияқты тілдерден шыққан дейтін теория, осы сияқты көптеген теориялар бар, бірақ олардың ешқайсысын жалпы академиялық орта мойындаған жоқ, сондықтан олар нақты теория ретінде орнықпаған.

言語

Жапон тілінің жалпы сипаттамасы

1) Грамматикасы

Жапон грамматикасындағы негізгі сөз тәртібі SOV (Subject–Object–Verb). Сондықтан сөйлемді соңына дейін тыңдамайынша, не жайлы екенін біле алмайсыз. Жапон грамматикасының бұдан да басқа түрлі ерекшеліктері бар.

① Жапон тілінде тек ұғымы жоқ.
Жапон тіліндегі зат есімдерде орыс тіліндегі сияқты тек, яғни аталық тек, аналық тек, орта тек деген жоқ. Сондай-ақ, жапон тіліндегі зат есімдер жанды және жансыз зат есімдер болып бөлінбейді. Мысалы, «Sensei desu» (Ол – мұғалім.) деген

 

② Жекеше түр мен көпше түрге тәуелді емес.
Жапон тіліндегі зат есімдердің ерекшелігі - олардың жекеше және көпше түрі болмайтыны. Мысалы, жапон тілінде «Hana desu» деп айтқанда, бір тал гүлді немесе бақшада гүлдеп тұрған көп гүлді меңзеп тұрғанын білмейсіз. Бұл заттарға ғана емес, адамдарға да қатысты. «Kare ni wa imouto ga imasu» (Оның қарындас(тар)ы бар.) десе, оның бір ғана қарындасы бар ма, әлде бірнеше қарындасы бар ма, білмейсің.

③ Екіұшты оралымдар көп.
Жапон тілінің грамматикасында мағынасы екіұшты оралымдардың көптігі де оның бір ерекшелігі саналады. Тыңдаушы оны өзі түсініп алуға тиіс болады.  Сондай-ақ, мағынасын дөп баса алмайтын оралымдардың көптігі де жапон тіліне тән ерекшеліктердің бірі. Бұл әсіресе ауызекі тілде қатты байқалады.

 

2) Жазуы

Жапон тілінде жазудың үш түрі бар: хирагана, катакана және канджи (иероглифтер). Хирагана мен катакананың әрқайсысында 46 таңбадан бар, ал жалпы қолданыста 2000-нан астам иероглиф бар. Жапондар бастауыш мектептің алты жылын негізгі иероглифтерді (kyoikukanji, яғни білім беруге қажетті иероглифтер) оқи алуды және жаза алуды үйренуге жұмсайды.
 

➀ Хирагана
Хирагана – жапонның дыбыс жүйесін таңбалайтын буын әліпбиі. Әдетте жапон тілін жазып-сызуды үйренуді алғаш хираганадан бастайды. Хирагана иероглифтердің негізінде жасалған. Кей жағдайда ғана болмаса, негізінен әр таңбамен бір буынды таңбалайды. 

カザフスタン
Хирагананың шығуы 
Сурет мына жерден алынды Сайтқа өту

② Катакана

Катакана – хирагана секілді жапон тілінің тағы бір буын әліпбиі. Катаканамен кірме сөздерді, шет тілдерінің сөздерін және Waseieigo, яғни жапоншаланған ағылшын тілі сөздерін жазады. Хирагана сияқты, катакана да канджидің негізінде жасалған, бірақ сызықтары хираганаға қарағанда қарапайым келеді.

カザフスタン
Катакананың шығуы
Сурет мына жерден алынды ➡Сайтқа өту
カザフスタン
Катакананың шығуы
Сурет мына жерден алынды ➡Сайтқа өту

(Оңай үйренетін катакана кестесін осы жерден тегін жүктей аласыз.)

③ Канджи

Канджи (иероглифтер) жапон тілін үйренуде ең қиын тұстардың бірі саналады. Бір канджидің бірнеше оқылуы болуы мүмкін немесе жазылуы күрделі болуы мүмкін, сондықтан тіпті жапондардың өзі оларды жиі шатастырады. Канджилер буын түріндегі таңба емес, әр таңба жеке-жеке мағынаға ие. Кейбір жағдайларда екі немесе одан да көп канджи қосылып, бөлекше оқылуы мүмкін. Мысалы, «日» (күн) деген канджидің негізгі оқылуы «hi» және «nichi». Алайда «明日» (ертең) деген сөзде екі канджи қосылып «ashita» немесе «asu» деп бөлекше оқылады.
«Заңдар мен ережелер, ресми құжаттар, газет-журналдар, теледидар сияқты жалпы әлеуметтік өмірде қазіргі жапон тілін жазуда канджиді қолдану бойынша көздеме» ретінде Министрлер кабинеті жариялаған «Joyokanjihyo», яғни «Жиі қолданылатын канджилер кестесіне» кірген қазіргі жапон тілінің канджилері «Joyokanji» деп аталады. Жапонияда канджи дегенде әдетте осы Joyokanji жайлы айтылады. Министрлер кабинеті 2010 жылы оның санын 2136 таңба деп бекіткен. Дегенмен Joyokanji дегеніміз «шектеу» емес, «стандарт» болғандықтан, тұрмыста негізінде одан да көп канджи қолданылады.

 

カザフスタン
カザフスタン
カザフスタン
Канджилердің шығуы
Сурет мына жерден алынды ➡Сайтқа өту
カザフスタン
Канджилер үшін сызықтардың жазылу реті де маңызды.
Сурет мына жерден алынды ➡Сайтқа өту

3) Дыбысталуы

Жапон тілінде тек 5 дауысты дыбыс және 13 дауыссыз дыбыс қана бар. Интонациясына қарай сөздердің мағынасы өзгеретін жағдайлар кездеседі. Мысалы, «hashi» (көпір) мен «hashi» (тамақ жейтін таяқша) сөздері, «kaki» (құрма) мен «kaki» (устрица) сөздерінің интонациясы бөлек, мағынасы интонация арқылы ажыратылады. 

 


4) Лексикасы


Жапон тілінің сөздік қоры мол, бұл тілде бірдей мағынаны білдіретін сөздер өте көп. Жапон тілін үйреніп жүргендерді сөздердің тым көптігі біраз састыруы мүмкін. Бұл жерде біз негізінен адамдар мен сандарға қатысты қиын сөздердің ерекшеліктерімен таныстыратындықтан, жапон тілін үйрену кезінде пайдаланса болады.

① Адамға қатысты сөздер
Жапон тілінде адамдарға қатысты сөздер өте көп. Мысалы, «мұғалім» деген мағынаны беретін «kyosi», «kyoyu», «sensei» сияқты бірнеше сөз бар.  
Бірінші жақтағы жіктеу есімдігінің бірнеше түрі барын жапон тілінің тағы бір ерекшелігі десе болады. «Watashi», «boku», «ore», «uchi», «atai», «jibun», сондай-ақ қазіргі кезде аса көп қолданылмайтын «washi», «sessha», «wagahai», «soregashi», «maro», «shosei», «warawa», «asshi» сияқты өзі жайлы айтқанда қолданылатын көптеген сөздер бар. 

 

② Сандарды білдіретін сөздер
Жапон тілінде 1-ден 10-ға дейін санағанда «4» санын «shi» немесе «yon», ал «7» санын «shichi» немесе «nana» деп екі түрлі айтады. Айтылуы әртүрлі бірнеше сандар бар, сондықтан жапондар тарихи дәуірлерді жаттаған кезде сол жағын ұтымды пайдаланып, дыбысын есте сақтауға оңай мазмұнға келтіріп алып жаттайды. 

 

Мысалы:

◆894 жылы Жапония Таң патшалығына елші жіберуді тоқтатты.
⇒ Таң патшалығына елші жіберуді «таза бетке» (hakushi 894) қайтарайық.
◆1192 жылы Минамото но Йоритомо сёгун болды.
⇒ «Жақсы мемлекет» (iikuni 1192) құрған Минамото но Йоритомо. 

5) Басқа да ерекшеліктері

① Бастауышты қысқартуға болады.
Жапон тілінде етістік, сын есімдерді өзгертпестен, бастауышты айтпай-ақ қоюға, яғни қысқартуға болады. Бұл жерде тыңдаушының түсіне білу қабілеті жақсы болу керек. 

② Мағынасы бірдей бірнеше сөз бар.
Жапон тілінде синоним сөздер өте көп. Сондықтан оларды жағдайға, тыңдаушыға қарай ауыстырып, өзгертіп айта аласыз.

 

③ Құрметтеп сөйлеу, сыпайы сөйлеу, кішіпейіл сөйлеудің айырмашылығы
Жапон тілінде Keigo (ізетті тіл) өте дамыған. Оның көптеген градациялары бар және оларды орнымен дұрыс қолдана білу өте маңызды.

 

➃ Екіұшты оралымдар көп.
Жапон тілінде мағынасы екіұшты оралымдар мен астарлы тіркестер көп қолданылады. Яғни, жапон тілі – біреуге айтқыңыз келген нәрсені турасынан тым тіке айтпауға мүмкіндік беретін тіл. Бұл ерекшелік айналасындағы адамдармен барынша сыйластықпен қарым-қатынас жасауға көп маңыз беретін жапондардың ұлттық мінезін көрсетеді деп те айтылады. Сондықтан тыңдаушыда да сөз астарын түсіне білу қабілеті, сөз ұға білу қабілеті болу керек.

 

⑤ Диалектілерге бай
Жапон тілінде көптеген диалектілер бар.
Жапонның стандарт тілі Токиодағы орта таптың тілінің негізінде жасалып, бүкіл елге тараған. Елдің барлық аймағына тән диалектілер бар, оларды «материк диалектісі» және «Рюкю диалектісі» деп екі үлкен топқа бөлуге болады.
«Материк диалектісі» үшке бөлінеді: «Шығыс Жапония диалектісі», «Батыс Жапония диалектісі» және «Кюшю диалектісі». Бұлардың әрқайсысы өз ішінде одан әрі бөлінеді. Диалектілер 1953 жылы 16 түрге бөлінген, қазір де негізінен осы классификация бойынша бөлінетін сияқты.
Диалектілер лексика мен екпін жағынан ғана емес, грамматика жағынан да ерекшеленуі мүмкін.

[Жапон тілін үйренушілерге ұсынылатын порталдар]
https://www.jpf.go.jp/j/urawa/j_library/navi_05.html
https://tsunagarujp.bunka.go.jp/
https://mgu-cfla.cc-town.net/ls/japanese/02
https://www.marugoto.org/e-learning/ 

 

Канджиден тест

➡Сайтқа өту

 

Жаңалықтар

➡Сайтқа өту

 

Сіз өз деңгейіңізге сәйкес келетін әңгімелерді тегін оқи аласыз.

➡Сайтқа өту

カザフスタン

​Қазақстан-Жапония

Жібек жолықауымдастығы

Контактілер

Хатшылық мекен-жайы

Sanei Building 3F, 5-23-7 Shimbashi, Minato-ku, Tokyo 105-0004

Телефон нөмірі

ТЕЛ: 03-3432-2250      ФАКС: 03-6809-2292

bottom of page