ЖАПОН ӘДЕБИЕТІ
Нара дәуірінің әдебиеті
Жапон әдебиетінің тарихы өте ұзақ. Ең ежелгі жапон әдебиетінің жазба үлгісі 8 ғасырда (712 ж.) Нара кезеңінде жазылып біткен «Кодзики» шығармасы. Кодзики – мифтер мен император Ямато үкіметі билік жүргізген кезді сипаттаған тарихи кітап. Кодзики жазылып біткен соң 8 жылдан кейін император Дзитоға (720) дейінгі мифтердің мазмұны жазылған «Нихон сёки» («Жапония жылнамасы») жазылып бітті.
Мифтерден басталған Кодзики Суйко ханшайыммен (33-ші император), ал Нихон Сёки болса Дзито ханшайыммен (41-ші император) аяқталады. Кодзики мен Нихон Сёки арасындағы айырмашылықты айтар болсақ, Кодзики императордың әулетіне арналған тарих оқулығы болса, «Нихон сёки» ұлтқа арналған тарих кітабы болды. Бір шетінен алып қарағанда, Кодзики ішкі сарай мәселесіне мән берсе, Нихон Сёки Қытай мен шет елдерді ескере отырып жазылған деп те айтылады.
Кодзики мен Нихонсёкиде Жапонияның алғашқы императоры Дзимму туралы да сипаттама жазбалар бар. Император Дзимму Аматэрасу Омикамидың (бесінші ұрпағы) шөпшегі. Ол Жапонияны біріктіру үшін құдайлардың басын қосып, б.з.д. 660 жылы Нара префектурасындағы қазіргі Кашихара қаласындағы Кашихара Дзингу храмында Жапонияның алғашқы императоры ретінде таққа отырады. Император Дзимму таққа отырған күн (11 ақпан) елдің құрылған күні болып есептеледі. Император Дзиммудың бабасы Аматэрасу Омиками – күн патшасы. Ол Жапонияны жаратқан құдайлар Идзанаги мен Идзанамидің көп балаларының біреуі. YouTube каналында император Дзиммудың таққа отыруы туралы түрлі анимациялық бейнероликтер бар. Солардың ішінен мына сілтемені жапон тілін оқып-үйреніп жүргендер үшін ұсынуға болады ➡Сайтқа өту(Жапон мифологиясы туралы мына жерден қарай аласыз ➡Сайтқа өту)

Идзанаги мен Идзанамидің Жапонияны жаратуы. Эйсуке Кобаяшидің суреті (1885 ж.)
Сурет мына жерден алынды ➡Сайтқа өту
Нара дәуірі сөз болған кезде «Маньёсю» (759 ж.) туралы айтып кету керек. Маньёсю – 7 ғасырдың екінші жартысынан бастап, 8 ғасырдың екінші жартысына дейінгі аралықта құрастырылған жапонның вака поэзия жанрының өте ертедегі антологиясы. (Вака жанры туралы түсіндірмені мына мақаладан оқи аласыздар: «Жапон әдебиеті жайлы бір үзік ~Жапон поэзиясының өлең құрылымы~»)
Хэйан дәуірінің әдебиеті
794 жылдан 1192 жылға дейін 400 жыл созылған Хэйан дәуірінің әдебиеті туралы сөз болған кезде, хирагана әліпбиімен алғаш жазылған «Бамбук оятын шебер туралы хикая» әңгімесі бірінші ойға келеді. Сонымен қатар сол заманның тағы бір шығармасы «Кагуяхимэ» де өте танымал. Бұл шығарманы да әңгімелер мен ертегілердің арғы атасы деп есептейді.
Мына бейнежазба жапон тілін оқып-үйреніп жүргендерге ұсынылады ➡Сайтқа өту
Астана Хэйанкёге ауыстырылғаннан кейін көп уақыт өтпей «кан әдебиеті» (қытай әдебиеті) біраз уақыт өте танымал болды. Ақсүйектер ортасында «кан әдебиетін» оқымай, өмірде табысқа жету мүмкін емес деген сөз болды. 9 ғасырдың екінші жартысы мен 10 ғасырдың ортасына дейін ваканы жақсы білетін адамдардың бәсі жоғары болды. Вака сарай әдебиеті болып есептелді. Мұнан бөлек 894 жылы Қытайға шетелдік студенттер ретінде жастарды жіберетін «кэнтоши» жүйесі тоқтап, жапонның бірегей жазбасы хирагана пайда болды. Осылайша «кокуфу мәдениеті» деп аталатын жаңа кезең басталды.
Осындай мәдениеттің гүлденіп жатқан тұсында 935 жылы Жапониядағы ең алғашқы күнделік әдебиетінің үлгісі «Тоса күнделігі» жазылды. Бұл шығарманың авторы Ки-но Цураюки өзінің Тосадағы миссиясының аяқталған күнінен бастап, Киотаға қайтып оралғанға дейінгі 55 күндік саяхаты кезіндегі оқиғаларды күнделік ретінде жазып шықты. Бұл әйел болып сәнденген еркек Ки-но Цураюкидің хираганамен жазған күнделігі еді. YouTube желісінде «Тоса күнделігінің» қазіргі жапон тіліндегі аудармасының радио қойылымы жүктелген. Ол жерде сол заманның көңіл-күйі өте шынайы берілген. Егер сіз жапон тілін үйреніп жүрсеңіз және сізге қызық болса, мына сілтеме арқылы тыңдай аласыз ➡Сайтқа өту
Хэйан дәуірінің әдеби шығармалары туралы айтқан кезде 1001 жылы жазылған «Макура-но-соши» мен 1010 жылы жазылған «Гэнджи туралы аңыз» шығармаларын атпай кетуге болмайды. Әйел авторлар жазған бұл екі шығарма әлі күнге дейін бүкіл әлемде жоғары бағаланады. «Жастық астындағы жазбалар» – Сей Сёнагон жазған эссе. Сарай өміріне тоқталған бұл шығармада ол табиғат пен өмір туралы өзінің көңіл толқыны мен ойларын әйелге тән әрі нәзік, әрі өткір пікірлермен жазып шыққан. «Жастық астындағы жазбалар» жапонның ең ұлы үш эссе жинағының біреуі болып есептеледі. (Қалған екеуі Ходзёки мен Цурезурегуса).
Мына бейнежазба жапон тілін оқып-үйреніп жүргендерге ұсынылады ➡Сайтқа өту
«Гэнджи туралы аңыз» – Мурасаки Сикибу жазған ұзақ хикая. Жапонның Дон Жуаны деген аты бар Гэнджи Хикарудың бастан кешкен түрлі оқиғалары мен махаббаты, қуанышы пен қайғысын бейнелеу арқылы император сарайының өмірі мен саясатын көрсеткен. Бұл шығарма жапон классикалық әдебиетінің ұлы жауһарларының бірі болып есептеледі.
Мына бейнежазба жапон тілін оқып-үйреніп жүргендерге ұсынылады ➡Сайтқа өту

Мурасаки Сикибу (Мицуоки Тосаның салғаны)
Сурет мына жерден алынды ➡Сайтқа өту
Камакура кезеңі
Камакура кезеңінде аристократия самурайлар қоғамына өтті. Осыған байланысты әдебиеттің ағымы «Гэнджи туралы аңыз» сияқты шығармашылық әңгімелерден жауынгер-самурайлар арасындағы шайқастар туралы әңгімелерге ойысты. Оның ішіндегі ең танымалдарының бірі «Хэйке туралы аңыз» («Хэйке моногатари», 1240 ж.). Шығармада Хэйкенің гүлденуі мен құлдырауы және самурайлар қауымының өркендеуі суреттелген.
Мына бейнежазба жапон тілін оқып-үйреніп жүргендерге ұсынылады ➡Сайтқа өту
Мұнан бөлек, «Хэйке туралы аңыз» әлемі жайлы сол кездің ауанын керемет беретін Бахтың музыкасымен әрленген иллюстрациялар ұсынамыз. Және де мәнерлеп оқуға ыңғайлы SAMURAI'S BACHIANA бейнеқойылымын беріп отырмыз. Бұл бейнероликтерді көріп шықсаңыз, Тайра әулеті туралы танымыңыз артып, олардың Гэндзи әулетімен не үшін соғысқанын түсінесіз. Оның үстіне орыс тіліндегі субтитры берілгендіктен, жапон тілін білмейтіндер де еркін түсіне алады.
Сілтемесі мынау ➡Сайтқа өту

«Хэйке моногатаридың» бір бөлігі
Сурет мына жерден алынды ➡Сайтқа өту
Тура осы Камакура кезеңінде вака поэзия жанрының антологиясы «Огура Хякунин Иссю» (Ogura Hyakunin Isshu) (1235 (?)) шықты. Жинақта 100 ақынның әрқайсысынан бір өлеңнен таңдап алынған. «Огура Хякунин Иссю» әлі күнге дейін «карутатори» атты ойын түрінде жапондардың өмірімен тығыз байланыста.
«Кёги карута» – Португалиядан 16 ғасырдың соңында «карта» ойыны жеткеннен кейін пайда болған «карутаторидың» жарыс түріндегі нұсқасы. Эдо дәуірінде аристократтар арасында кең тарап, содан 100 картамен ойнайтын «татами үстіндегі жекпе-жек» деп те аталатын қазіргі заманғы түрі шыққан. Бұл Хэйан дәуіріндегі «кайавасэ» ойынының негізінде шыққан деп айтылады. Кёги карута жайлы түсіндіретін бейнежазбаны Бүкілжапондық карута ассоциациасының веб-сайтынан көруге болады. Бұл бейнежазбалардан карута турнирінің атмосферасын сезінуге болады ➡Сайтқа өту
Камакура дәуірінде «Жастық астындағы жазбалардан» басқа «Ходзёки» (1212 ж. «Камо-но Тёмей») және «Цурезурегуса» (1330 ж.? Ёсида Кенко) сияқты тағы да үлкен эсселер жазылды. Ходзёки буддизмнің өткінші дүние концепциясына негізделіп, өрт, торнадо, аштық, жер сілкінуі сияқты апаттар алып келген қиындықтар, сондай-ақ автордың өмірі мен сезімдері туралы қарапайым хирагана және қытай иероглифтері араласқан стильде жазылған.
«Дүние өткінші деген көзқарас»
- Барлық нәрсе өзгереді және ол бұрынғыдай болмайды.
- Мына дүниедегінің бәрі иллюзия және оның бәрі уақытша нәрсе
дегенді білдіреді.
Цурэзурэгуса – автор өзінің күнделікті өмірде көрген, естіген оқиғаларын еркін формада жазып шыққан шығарма. Адамдардың күнделікті тұрмыс-тіршілігі, адамдар арасындағы қарым-қатынастар, діни сенім сияқты түрлі тақырыпты қозғайды. Бұл шығармада «Дүние өткінші деген көзқарас» идеясы сәл басқаша тұрғыда берілген. Алайда бұл Камакура дәуірінің соңында елдің бәрін шарпыған «мен ертең не боларын білмеймін» деген алаң мен соған мойынсұну көңіл-күйіне ұқсайды. Шығармада «Қалай болғанда да әйтеуір бір өлеміз, сондықтан біз өмірді құлшыныспен, құштарлықпен сүруіміз керек» деген сияқты сөздер бар.
(Мына бейнежазба жапон тілін оқып-үйреніп жүргендерге ұсынылады ➡Сайтқа өту)
Жапон әдебиеті жайлы бір үзік ~Жапон поэзиясының өлең құрылымы~
Жапон поэзиясының өзіне тән төрт түрлі формасы бар: вака, хайку, танка және сэнрю.
Вака – жапонның ең көнеден келе жатқан поэзия жанры. Хираганамен жазылып, 5-7-5-7-7, барлығы 31 буыннан (әріп) тұрады. Атауы Қытайдан енген «канши» (қытай поэзиясы) деген сөзге қарама-қарсы «жапон поэзиясы» деген мағынаны білдіреді.
Танка дегеніміз – ваканың бір түрі. Танканың да құрылымы 5-7-5-7-7 формасында келеді. Барлығы 31 буыннан (әріп) тұрады. Ваканың танкадан бөлек чёка сияқты басқа да түрлері болған. Бірақ Хэйан дәуірі шамасынан бастап танкадан басқасы құрастырылмайтын болды. Сол себептен вака мен танка бір нәрсе есебі болып қалды.
Муромати дәуірінде 5-7-5, барлығы 17 буыннан (әріп) тұратын өлең формасы хайку пайда болып, Эдо дәуірінде кең тарады. Хайкуда «киго», яғни жыл маусымдарын білдіретін сөздер өте маңызды. Негізінен жыл маусымдары мен табиғатты суреттейді.
Хайкудың көрнекті өкілі ретінде Мацуо Басены айтуға болады.
«Тыныштық пен жартасты жарып өтер шегірткенің шырылы»
(Шегірткенің шырылы арқылы айналаның қаншалықты тыныш екенін суреттейді.)
Сенрю - маусымға қатысты сөздерді қолданбай, көңіл-күй мен сезімді тікелей бейнелей беретін, 5-5-7 формасындағы поэзия жанры. Адамдарға езу жымитатын әзілдердің көп болуы сенрюдің ерекшелігі болып саналады. Қазіргі кезде де «Сенрю шяин», яғни сенрю ақындарын көпшіліктің ішінен халық өзі таңдайды. Қоғамдық дауыс беру арқылы 10 мықты ақын анықталады.
Мысалы, коронавирустан жапондықтардың маска тағу көрсеткіші 100 пайыз болды дейтін, 2022 жылы кеңсе қызметкерлері арасында 10 үздік сенрюдің қатарына кірген мына төмендегі фразаның мағынасы ешқандай түсіндіруді қажет етпейтін шығар.
«Махаббат, масканы шешсең, гүлдей солар.» (8-орын)
«Хякунин Иссю» антологиясы ➡Сайтқа өту
Муромати дәуірі
Көп жылға созылған азамат соғысы шамамен үшінші сёгун Асикага Ёсимицудың кезінде ақырындап басылды. 1392 жылы Солтүстік пен Оңтүстік сарайларының бірігуі аяқталды. Бұл дәуірдің әдебиетін үш тенденция ерекшелеп тұр.
1) Отого дзоси
2) Но мен Кёгэн
3) Христиан әдебиеті
Отого дзоси – біршамасы суреттерімен қоса берілетін қысқа әңгімелер жанры. Бұған дейін әдебиеттің негізгі кейіпкерлері аристократтар мен самурайлар болса, қарапайым адамдар, аңдар, өсімдіктер жайлы ертегілердің қосылуымен оқырмандардың аудиториясы біршама кеңейді. Сондай-ақ, дидактикалық, ағартушылық және буддистік ілімдерді жеткізетін мазмұнның көп болуы аталмыш дәуір әдебиетінің тағы бір ерекшелігі болды. Сол кезде 400-ден аса ертегі болса, соның 100 ертегісі бүкіл әлемге танымал болды деп те айтылады.
Көрнекті жапон халық ертегілерінің бірі, балалар азаптап жатқан жерінен үлкен тасбақаны құтқарып, соған алғыс ретінде теңіз түбіндегі жұмақ мекен Рюгу сарайына шақырылатын «Урасима Таро»
(YouTube ➡Сайтқа өту ), Күлшеқыздың жапонша нұсқасы «Хатикадзуки», яғни «Басына құмыра киген қыз» (YouTube ➡Сайтқа өту ), жас монахқа ғашық болған әйел өзінің алданғанын түсінген кезде есі ауып, үлкен жыланға айналып, қуып барып, Додзёдзи храмының қоңырауының ішіне қашып тығылған монахты өртеп жіберетіні жайлы баяндайтын, Но, Кабуки, Дзёрури театрларында да қойылып жүрген «Додзёдзи Энги» (YouTube ➡Сайтқа өту ). сияқты шығармалар қазір де кең танымал.

Отоги Дзоси «Куманодан шыққан Хончи»
Сурет мына жерден алынды ➡Сайтқа өту
Камакура кезеңінің соңында Денгаку және Саругаку деп аталатын орындаушылық өнер танымал болды. Денгаку – күріш егетін алқаптарда жақсы өнім алу үшін дұға ету үшін орындалатын би, ал саругаку – киелі орындар мен ақсүйектер сарайларында орындалатын күлкілі еліктеу ойыны. Саругаку актерлері Канами мен Зеами (әкесі мен баласы) Денгаку биіне жаңа би әдістерін енгізген Нохгаку деп аталатын жаңа ойын-сауық жанрын құрды.
Ногаку табиғаттан тыс, биік және салтанатты тақырыптарды қозғайтын ән мен би драмасы Нодан және Саругакуның күлкілі қимылдарын дамытатын диалогтық пьеса болып табылатын Киогеннен тұрады. Но самурай тілінде орындалып, бетпердемен орындалса, киоген қарапайым халық тілінде орындалып, бетпердесіз орындалады. Оның әлеуметтік сатира және билікті сынау функциясы бар. Но мен Киогеннен тұратын бұл «Ногаку» жанры 2008 жылы ЮНЕСКО-ның материалдық емес мәдени мұрасы ретінде тіркеліп, Жапонияның дәстүрлі орындаушылық өнерінің біріне айналды.
1374 немесе 1375 жылдары 12 жасар Зеами Шин-Кумано храмында Каньами өткізген Саругаку Нох спектаклінде пайда болған кезде, ол Муромачи Шогун Йошимитсу Ашикаганың назарын аударды. Содан бастап Йошимитсу Кан'ами мен Зеамидің әкесі мен ұлын қорғай бастады.
Сол кездегі ақсүйектер мен самурайлар қоғамында жұмбақ пен тереңді құрметтейтін этика болды. Зеами тек актер ғана емес, сонымен қатар тамаша Нохгаку зерттеушісі және теоретигі болды және ол сөздер, қимылдар, әндер, билер мен әңгімелер адамға сәйкес келетін талғампаздық сезімін беретін «Муген Нох» Нох формасын жасады. аудитория талғамы Солардың ішінде Зеами жазған ``Фушикаден'' Нохтың оқыту әдістерінің, білімінің, актерлік теориясының, режиссура теориясының, тарихы мен Нох эстетикасының мәнін сипаттайтын кітап болып табылады және Но теориясы бойынша ең көне кітап және әлемдегі ең жақсы кітап болып табылады. Жапония.Оны ежелгі драма теориясы деп те атайды. Бұл кітапты жапон эстетикасының классигі деп атауға болады.
Егер сізді Ногаку қызықтырса, мына бейнені қараңыз. Бұл бейне ағылшын тіліндегі аудармасымен Ноның ең танымал туындыларының бірі ``Ацумори'' туралы толық түсіндірме береді. Бейненің соңына қарай сіз нақты Noh кезеңін көре аласыз. (YouTube ➡Сайтқа өту )
Сондай-ақ біз Нох жұмысының анимациялық қысқаша мазмұнын көрсететін осы бейне ойнату тізімін ұсынамыз. (YouTube ➡Сайтқа өту )
Но аудиторияның көру және елестету қабілетін талап етеді және ол жапон мәдениетінің мәнін бейнелейді делінеді. YouTube сайтына жүктеп салынған көптеген пайдалы түсіндірме бейнелер бар, сондықтан оларды алдын ала оқу үшін және Жапонияда Нохты көру үшін пайдалануды ұсынамыз. Жапон эстетикасын түсінуіңіз күрт жақсарады.

Жазғы кеште сыртта өтіп жатқан Но сахнасындағы қойылым
Сурет мына жерден алынды ➡Сайтқа өту
Муромати кезеңінің аяғынан Эдо кезеңінің басына дейін «христиан әдебиеті» жанры пайда болды. XVI ғасырда Жапонияға келген христиан миссионерлері миссионерлік қызметтерін жүргізу және жапон тілін үйрену үшін латын әріптерімен аударып жаза бастады. Көрнекті мысалдарға латын әріптерімен жазылған Амакуса баспасынан шыққан «Хэйке туралы аңызды» және латын әріптерімен жазылған Эзоптың мысалдарының жапон тіліндегі аудармасы «Исохо моногатари» шығармасын жатқызуға болады. Сонымен қатар, католик шіркеуінің иезуит доктриналары «Дочирина Киришитан» және «Жапон-португал сөздігін» айта аламыз.

Амакуса баспасынан шыққан «Хэйке туралы аңыздың» түпнұсқасы Британ кітапханасында сақтаулы.
Сурет мына жерден алынды ➡Сайтқа өту
Эдо дәуіріндегі әдебиет
260 жылға созылған Эдо дәуірі қарапайым халық мәдениеті дамыған тамаша дәуір болды. Мәдени тұрғыдан алғанда жапон мәдениеті өркендеген екі «шың» бар деседі. Бір «шың» – Эдо кезеңінің бірінші жартысында Осака мен Киото сияқты «Камигаталық қала тұрғындары» қалыптастырған «Гэнроку мәдениеті» (1688-1703). Тағы бір «шың» – Эдо кезеңінің екінші жартысында Эдо қаласының тұрғындары қалыптастырған «Касей мәдениеті» (1804-1830). Бұл екі «шың» бір-біріне жиі қарама-қайшы келеді, «Гэнроку мәдениетін» салауатты, қуатты, серпінді мәдениет десек, ал «Касей мәдениетін» шамадан тыс пісіп-жетіліп, қайта құлдырауға айналған мәдениет деуге келеді.
Сонымен қатар, Эдо кезеңін ұлттық оқшаулану кезеңі десе де болады. Сол себепті, мәдени тұрғыдан алып қарайтын болсақ, тек Жапонияның өзіне ғана тән ерекше мәдениеті гүлденген дәуір болды. Бұл кезеңде де көптеген маңызды әдеби шығармалар жазылды. Соның ішінде ерекше атап өтуге тұратындары төменде берілген.
Гэнроку әдебиетінің өкілдері – Сайкаку Ихара, Мондзаэмон Чикамацу және Басё Мацуо.
Сайкаку Ихара ер адамның нәпсіқұмарлығы мен еркін өмірін суреттейтін «Кёсоку Ичидай Отоко» романын жазды. Бұл қала тұрғындарының мәдениетін айшықты суреттейтін роман.
Чикамацу Мондзаэмон әлеуметтік мәселелерге, тарихи оқиғаларға және елді шулатқан оқиғаларға негізделген Нингё дзёрури мен Кабуки пьесаларына арнап сценарий жазды. Ер мен әйел арасындағы қайғылы махаббатты бейнелейтін «Sonezaki Shinju»-ді (YouTube сайтындағы «Sonezaki Shinju»-дің Нингё дзёрури нұсқасы ➡Сайтқа өту) оның ең бір танымал туындысы деп атауға болады. Ол бастапқыда Нингё дзёруриге арналған сценарий ретінде жазылған, бірақ кейінірек Кабукиде де қойылды.
Мацуо Басё өзінің сезімдері мен эмоцияларын хайкуда білдіреді және «Оку но хосомити» деп аталатын әйгілі саяхат жазбасын қалдырды. Онда жапон мәдениетінің символы саналатын «ваби» мен «саби» әлемі бейнеленген. «Шидзукаса я ива ни шимииру семи но коэ» («Тыныштық пен жартасты жарып өтер шегірткенің шырылы») тіркесі осы «Оку но хосомитиден» алынған.

Нинё Джорури «Сонезаки Шинжу»
Сурет мына жерден алынды ➡Сайтқа өту
Екінші жағынан, саяси-қоғамдық оқиғалар мен қарапайым халықтың күнделікті өмірі саяси және әлеуметтік әдебиеттің тақырыбы ретінде жиі көрсетіледі, ал иллюстрациялар мен қарапайым жазу оны қарапайым халық арасында кеңінен танымал етті. Сондай-ақ осы кезеңде «Коджики», «Манёшу» және «Гендзи туралы хикая» сияқты классиктерге арналған зерттеулер алға жылжып, математика мен астрономия сияқты академиялық салалар да дамыды.
Икку Жуккеншаның ``Tokaido Chuuhizakurige'' романы (YouTube ➡Сайтқа өту) қарапайым адамдардың өмірін әзілмен бейнелейді, ал Бакин Киокутейдің ``Tokaido Chuuhizakurige'' тарихи романы «Нансо Сатоми Хаккенден» (YouTube ➡Сайтқа өту), әйгілі және түсінуге оңай хайку ақыны, ол үш ұлы хайку ақынының бірі ретінде танымал, көркем хайку, Мацуо жазған Йоса Бусонмен бірге Башо және Йоса Бусон.Исса Кобаяши қарапайым өрнектерді қолданып өлең шығаруда белсенді рөл атқарды.

«Токайдотю хидзакуригэ»
Сурет мына жерден алынды ➡Сайтқа өту
Сонымен қатар, дәл осы кезеңде Коджикиден арқылы жапонтануды жаңа белеске көтерген Норинага Мотоори, жапон медицинасының шебері ретінде танымал Генпаку Сугита сынды ғалымдар Голландияның «Тахер анатомиясы» еңбегінің жапонша аудармасы саналатын «Кайтай Синсё» атты Жапониядағы ең алғашқы анатомиялық еңбек шығарды.
Жоғарыда айтылғандай, Эдо кезеңі Нингё Джёрури мен Кабукидің пайда болған уақыты ретінде де белгілі. Кабуки – Ногаку және Нингё Джёруримен қатар үш негізгі ұлттық театр өнерінің бірі.
Бұл әйелдердің рөлін еркек әртістер ойнайтын, би мен музыка элементтері қатар қамтылған театрдың түрі.
Кабуки 1603 жылы Изумо Тайся храмының діни қызметкері Окуни Киотода Ненбуцу биін билеген кезде пайда болған деп айтылады. Кейінірек әйел және бала актерлердің орындауындағы Кабуки қоғамдық әдепті бұзады деген желеумен тыйым салынды. Ал бүгінгі формадағы Кабукиді ересек ер актерлар орындай бастады.
Жұмбақ әлем мен тылсымды бейнелейтін Но қойылымдарымен салыстырғанда, Кабуки қойылымдары динамикаға толы және өте керемет костюмдер мен көріністерді ұсынады. Мұнда маска тақпайды, оның орнына бетке әртүрлі гүлдер мен ою-өрнектер салынады. Кабуки әсіресе Гэнроку дәуірінде қарқынды дамыды. Жапонияның әлемдік деңгейдегі орындаушылық өнерлерінің бірі ретінде 2008 жылы Ногаку және Нингё Джёруримен бірге ЮНЕСКО-ның рухани мәдени мұрасы ретінде тіркелген.

Кабуки қойылымы
Сурет мына жерден алынды ➡Сайтқа өту
Мэйдзиден Сёваға дейінгі жаңа заман және қазіргі заман әдебиеті
Мэйдзи реставрациясынан кейін Батыстың ойы мен мәдениетін біріктірген өркениет пен ағартушылық кеңінен таралып, әдебиетке үлкен ықпал етті. Солардың бірі ауызекі тіл мен жазба тілді бір ізге келтіру қозғалысы болып, соның нәтижесінде қазіргі жапонның жазба тіліндегі стильдер («да-деару» және «десу-масу») пайда болды.
Қазіргі жапон әдебиеті негізінен Сёё Цубоути «Романдардың болмысы» (1885) шығармасынан басталды, ал Симеи Футабатейдің «Укигумо» (1887) романы жаңа жазу стилінде жазылған жапон романдарының басы болды. Айтпақшы, жазушы Семей Футабатей университетте орыс тілін оқып, орыс әдебиетінің көптеген шығармаларын, соның ішінде Тургеневті де аударған.
Қазіргі жапон әдебиеті туралы айтсақ, қоғам мен адамдарды шынайы түрде көрсетуге тырысатын «реализм» (Шимей Футабатэй «Қалқымалы бұлттар» 1887), өз сезімдерін сипаттай отырып, романтика мен идеалдарды еркін бейнелейтін «романтизм» (Мори Огай «Майхиме» 1890 ➡Сайтқа өту) , мен «псевдоклассицизм» (Ичио Хигучи «Такекурабе» 1895 ➡Сайтқа өту), реализмнің жалғасы болып табылатын және фактілерді дәл бейнелейтін «натурализм» (Тосон Шимазаки «Хакай» 1905), көбінесе күңгірт тақырыптарды қозғайтын натурализмге қарағанда адами болмыс пен шығармашылықты бейнелеуге тырысатын «анти-натурализм» (Нацуме Сосеки «Мен мысықпын» 1905 ➡Сайтқа өту, «Арманның он түні» 1908 ➡Сайтқа өту, Рюносуке Акутагава «Мұрын» 1916, «Өрмекшінің жібі» 1918 ➡Сайтқа өту «Расёмон» 1915 ➡Сайтқа өту, әдемілікке ұмтылуға тырысатын «эстетика» (Джуничиро Танидзаки «Тату» 1910, «Ұлпа қар» 1944-1948, «Көлеңкеге мадақ» 1933 ), сондай-ақ натурализмнен туындаған Жапонияға ғана тән жанр – жазушы өзінің өмірі мен ішкі толқынысын бейнелейтін «Жеке бас романы» немесе «Жеке бас романы типтес туынды» (Осаму Дадзай «Адамдықтан айрылу» 1948) сынды кілт сөздер аузымызға түседі.
«Жеке бас романдары» қазіргі жапон әдебиетінің негізгі ағымына айналғандықтан, оларға қарсы әртүрлі жанрлар пайда болды (Ясунари Кавабата «Қар елі» (1935), Юкио Мишима «Кинкакуджи» (1956), Кобо Абэ «Құм құрсауындағы әйел» (1962), Кендзабуро Оэ «Тәрбие» (1958), Харуки Мураками «Қойдың оқиғалары» (1982) және т.б. шығармалар).
Жапония туралы көбірек білгісі келетіндерге, Жапонияның болмысын жақын сезінгісі келетіндерге немесе жапон тілінде әдеби шығармалар оқығысы келетіндерге, тіпті бұл шығармалар жапон әдебиетіндегі танымал еңбектер болмаса да, біз мына кітаптарды оқуды ұсынар едік. «Көп тапсырыстар мейрамханасы» ертегісі (1924) ➡Сайтқа өту
және «Галактикалық теміржолдағы түн» ертегісі (1934) ➡Сайтқа өту, құдай мен күнә туралы түсінікті христиан діні мен христиандарды қудалау кезеңіндегі жапонның рухани ахуалы тұрғысынан қарастырған Сюсаку Эндоның «Үнсіздік» атты тарихи романы (1966), қоғамды дүр сілкіндірген Сэйтё Мацумотоның «Нүктелер мен сызықтар» әлеуметтік детективі (1958), жапон әлемінде болған ерекше адам өлімі туралы оқиғаны суреттеген жазушы Сэйси Ёкомидзоның «Яцухакамура» детективі (1949), жапон тілін үйреніп жүргендер міндетті түрде оқуға тиіс, «қысқа әңгімелердің құдайы» атанған фантаст-жазушы Бокко-чанның «Инугами әулеті» (1950) және «Синичи Хоши» шығармалары (1971).
Сондай-ақ, танка немесе хайку жанрында емес, еркін өлең түрінде жазылған өте әдемі және есте қаларлық көптеген шығармалар бар. Төмендегі ақындар Жапонияның ең танымал ақындарының қатарына жатады:
Сакутаро Хагивара, Тюя Накахара, Такубоку Исикава, Сюнтаро Таникава, Мицуо Аида, Мисудзу Канеко.
Сонымен қатар, авторлық құқық мерзімі өтіп кеткен туындыларды Жапонияның ең үлкен электронды кітапханасы Аодзора Бункодан оқуға болады. Аодзора Бунконың сілтемесі мына жерде ➡Сайтқа өту

Қазақстан-Жапония
Жібек жолықауымдастығы