Kazakhstan-Japan Silk Road Association
ҚАЗАҚСТАН-ЖАПОНИЯ ЖІБЕК ЖОЛЫ ҚАУЫМДАСТЫҒЫ
МАҚСАТЫ МЕН ҚЫЗМЕТІ
Аталмыш Қауымдастық Қазақстан мен Жапония арасындағы достық қарым-қатынасты тереңдету үшін екі ел арасындағы мәдениет, туризм, бизнес және ғылыми-зерттеу салаларындағы халықаралық байланысты ілгерілету және дамытуға атсалысуды мақсат тұтады.
МАҚСАТЫ
ҚЫЗМЕТІ
1. Жапония мен Қазақстанға барып көрген кісілер мен екі елдің мәдениеті, тарихы, туризмі, спорты, медицина қызметі, бизнесі және т.б. салаларына қызығушылық танытатын немесе оларды зерттеп жүрген жандарды аталмыш Қауымдастыққа мүше болуға шақыру.
2. Қауымдастық мүшелеріне Жапония мен Қазақстанға саяхат жасау мүмкіндігін ұсыну немесе осы мәселе бойынша көмек көрсету.
3. Қауымдастық мүшелеріне шетелде, яғни Жапония мен Қазақстанда білім алу мүмкіндігін ұсыну немесе осы мәселе бойынша көмек көрсету.
4. Қауымдастық мүшелеріне Жапония мен Қазақстанда жұмысқа орналасу мүмкіндігін ұсыну немесе осы мәселе бойынша көмек көрсету.
5. Қауымдастық мүшелеріне Жапония мен Қазақстан компанияларында тағылымдамадан өту мүмкіндігін ұсыну немесе осы мәселе бойынша көмек көрсету.
6. Қауымдастық мүшелеріне Жапония мен Қазақстанда халықаралық ғылыми байланыс орнату мүмкіндігін ұсыну немесе осы мәселе бойынша көмек көрсету.
7. Қауымдастық мүшелеріне Жапония мен Қазақстанның көрікті жерлеріне саяхат жасау, мәдениетімен танысу сияқты мүмкіндіктер ұсыну немесе осы мәселе бойынша көмек көрсету және т.б.

Қазақстан-Жапония
Жібек жолықауымдастығы