top of page
カザフスタン

Жапон мәдениеті

ЖАПОН СПОРТЫ

Жапонияда батыс елдерінен келген бейсбол және футбол сияқты көптеген танымал спорт түрлері бар. Бұл жерде Жапонияның ұлттық спорт түрі саналатын сумомен және жекпе-жек түрлерімен қысқаша таныстырамыз. Сонымен қатар, жалпы халық арасында кеңінен таралған спорт түрлеріне тоқталып өтеміз.

スポーツ

Сумо

Сумо күресі – Жапонияның ұлттық спорты. Ол беліне шашақ пен маваши деп аталатын белбеу байлаған екі балуан шеңбер деп аталатын 4,55 метрлік алаңда алысатын спорт түрі. Сумо күресі ежелден синтоистік рәсімдермен байланысты болды. Сумо туралы көне жазбалар Кодзикиде кездеседі. Шамамен Эдо дәуірінде ол қарапайым халыққа арналған ойын-сауық ретінде танымал болды. Ал Тайсё кезеңінде Жапония сумо қауымдастығы құрылып, жылына алты рет «Үлкен сумо» атты жарыс өткізіле бастады.

Сумо күресі Токиода қаңтар, мамыр және қыркүйек айларында, наурызда Осакада, шілдеде Нагояда және қарашада Фукуокада өтеді. Тартысты да тартымды белдесулер 15 күнге жалғасады. Бәрі дәстүрлі рәсімдер бойынша өтетіндіктен, бұл Жапонияға қызығушылық танытатындар үшін өте тартымды жарыс.
Қаштан, күріш, кептірілген кальмар және тұз сияқты сәттілік тұмарлары жарыс өтетін алаңның ортасына көмілген деп айтылады. Сумо балуандары белі мен бұтына байлайтын маваши жібектен жасалып, ұзындығы 10 метр, салмағы 4-5 келі болады.

 

Егер балуан шеңберден бірінші шығып кетсе немесе аяғынан басқа денесінің бір бөлігі жерге тиіп кетсе, жеңіліске ұшырайды. Сондықтан бұл жерде ережелер өте қарапайым. Әйтсе де мәселе тек жеңу немесе жеңілуде ғана емес. Сумошының рингтегі атауы, күресер алдындағы рәсімдер, жекпе-жектен кейін үйге қайту сияқты әрбір әрекетте түрлі ереже-тәртіп бар.
Әсіресе ірі балуандардың рингті аластау үшін айналасына тұз шашып, аяқтарын жоғары көтеріп, төрт тағандап жатқанын тамашалаудың өзі бір ғанибет.

 

Сумо күресінің «банзуке» деп аталатын рейтингі бар. Аламанды көруге барған кезде «банзуке кестесін» алуға болады. Бұл «рейтингтік тізімде» Сумо қауымдастығына тіркелген және сайысқа қатысатын барлық сумо балуандарының аты-жөні мен туған қалалары көрсетілген. «Банзуке тізімінің» өзі бір өнер туындысы іспетті.
Ең жоғары дәрежелі сумошыларды ёкодзуна деп атайды. Екодзуна болу үшін қатарынан кемінде екі турнирде, яғни 15 күндік шайқастарда кемінде екі рет жеңіске жету керек.

 

Сумо жарыстары өтіп жатқан кезде, NHK арнасы оны күн сайын үзбей көрсетеді. Оны шетелде де көруге болады. Сондықтан мүмкіндігіңіз болса, міндетті түрде көруге кеңес береміз.

相撲
カザフスタン日本シルクロード協会 | カザフスタン
Үлкен сумоның рейтинг кестесі 
Сурет мына жерден алынды ➡Сайтқа өту

★Сумо жайлы бір үзік★

 

Сумо – жапонның дәстүрлі спорт түрі, бірақ онда көптеген шетелдік балуандар да өнер көрсетіп жүр. Әсіресе Моңғолиядан келген балуандар санымен де, қабілеттерімен де танымал. Алайда Қазақстанның балуандары да табысты өнер көрсетіп жүргенін айта кету керек.
Осы жерде Қазақстанның сумо балуандарын (бұрынғы сумо балуаны Тайга Кадзафуяма мен қазіргі сумо балуаны Харуки Кинбодзан) таныстырып кетсек.

◎Тайга Кадзафуяма (1984 жылы 6 сәуірде туған)
Шын аты: Сүйеніш Күдебаев
Қазақстанның Ақтау қаласынан. Нишикидо хеясында өнер көрсеткен бұрынғы сумошы. 
2003 жылдың қарашасында бірінші қоңырау соғылып, өнер көрсете бастаған. 2014 жылдың қыркүйегінде қызметін аяқтаған.
Қазақстан сумо қауымдастығының мүшесі жасөспірімдер арасындағы ел чемпионатында жақсы нәтижеге қол жеткізіп, шәкірт болуға шешім қабылдағаны үшін Гранд-сумо күресіне ұсынылды. Ол Нишикидо хеясына жеке ұсыныс хат жолдап, 2003 жылы қарашада Қазақстаннан шыққан алғашқы сумошы ретінде бірінші рингке шықты. 2020 жылдың 2 қаңтарында 365 INFO.KZ сайтында жарияланған мақалада ол «Бір апталық жаттығудан кейін-ақ маған бірінші рингке шығуға рұқсат етілді» дейді.

(Дереккөз: Сайтқа өту)

 

Тек алға ұмтылатын сумо философиясы Күдебаевтың болмысына дәл келетіні сөзсіз.
Ол ең қиыны салмақ қосу екенін айтады. Бұл оның негізінен ет жейтін қазақи өмірінен, жапондық тянко набэге үйрене алмай қиналғанынан хабар береді.
Күдебаевтың айтуынша, ол 11 жыл өмірін Жапонияда өткізген және әлі күнге дейін сол елге деген құрметін жоғалтпаған. Қазақстанның тұңғыш сумо балуаны атанған Күдебаев қазіргі таңда Маңғыстауда орналасқан Олимпиадалық мектепке дейінгі спорт мектебінде күрестен жаттықтырушы ретінде жас балуандарды тәрбиелеуде аянбай еңбек етуде. Ол болашақта қазақ сумо федерациясын құрып, жергілікті балуандарды Жапонияға жіберуді армандайды.

カザフスタン
Сумо күресінің шебері Футомияма
 Сурет мына жерден алынды ➡Сайтқа өту

Харуки Кимбодзан (1997 жылы 24 маусымда туған)
Шын аты: Ерсін Балтағұлов
Қазіргі сумо балуаны. Қазақстанның Алматы қаласынан. Кисе хеясы атынан өнер көрсетеді. Қазақстаннан шыққан тұңғыш макуути балуан.
2021 жылдың қарашасында бірінші қоңырау соғылып, өнер көрсете бастаған. Бүгінгі күні белсенді өнер көрсетіп жүр.
Жапонияға келмес бұрын ол дзюдомен айналысқан. Бірақ 18 жасында бұрынғы ёкодзуна Асашёрюмен бірге Жапонияға келген. Орта мектепті бітіргеннен кейін Нихон университетіне түсіп, университеттің сумо клубына кірген. «4-курста (2020 ж.) біз студенттер чемпионатында 3-ші орын алдық және Жапония чемпионатында үздік 16-ға кірдік» дейді ол өзі.
Университетті бітіргеннен кейін Нихон университетінің ұсынысымен ол сумо күресі әлеміне аяқ басты. Осылайша Кисе хеясы атынан өнер көрсете бастады. Сумо күресіндегі дебютінен кейін де санданме, макуситеде жеңіске жетіп отырды. Қазақстаннан шыққан алғашқы макуути сумо балуаны дәрежесіне жетіп, бүгінде белсенді түрде күресуді жалғастыруда.
Біз YouTube-тен Жапонияға баратыны белгілі болып, әлі де дзюдо кимоносын тастап үлгермеген Кимбодзанның жергілікті телеканалдардың біріне сұқбат беріп жатқан бейнетаспасын таптық. Сұқбаттан Асашёрю сияқты биікке қол жеткізгісі келетін жас жігіттің көңіл толқыны анық сезіледі. 

Сайтқа өту 

Сумо арқылы жапон халқына өз елін, Қазақстанды танытып жүрген азаматтың еңбегін жекелеген адамдардың дипломатияға қосқан үлесі ретінде қарауға болады.
Қазақстандық сумо жұлдызы Кимбодзан! Бастысы жарақат алып қалмай, өз арман-мақсатына жетсе деп тілейміз.

カザフスタン
Қазақстаннан шыққан тұңғыш макуути балуан Кимбодзан
Сурет мына жерден алынды ➡Сайтқа өту
カザフスタン

​Қазақстан-Жапония

Жібек жолықауымдастығы

Контактілер

Хатшылық мекен-жайы

Sanei Building 3F, 5-23-7 Shimbashi, Minato-ku, Tokyo 105-0004

Телефон нөмірі

ТЕЛ: 03-3432-2250      ФАКС: 03-6809-2292

bottom of page