top of page
カザフスタン

​Жапон мәдениеті

ЖАПОН СПОРТЫ

Жапонияда батыс елдерінен келген бейсбол және футбол сияқты көптеген танымал спорт түрлері бар. Бұл жерде Жапонияның ұлттық спорт түрі саналатын сумомен және жекпе-жек түрлерімен қысқаша таныстырамыз. Сонымен қатар, жалпы халық арасында кеңінен таралған спорт түрлеріне тоқталып өтеміз.

スポーツ
合気道

Айкидо

Айкидо – жапонның тағы бір жекпе-жек түрі. Бұл күрес түрінің мақсаты – қарсыластың шабуылын қайтарғанда, оның инерциясы мен күшін өз пайдасына қарай жарату. Айкидоның негізін салушы Морихей Уэсиба тіпті жекпе-жек өнерінде де қарсыластың шабуылын дүлей күшпен қарсы алып керек емес, оны бір қалыпты қимыл-қозғалыспен контроль жасауға болады деген идеяға бекінген.

Айкидоның негізгі ерекшеліктері мен элементтері

◎Дененің үйлесімділігі мен қимылдың қалыптылығы: Айкидо дене тепе-теңдігін сақтай отырып, дененің табиғи ағынына баса назар аударады. Қарсылас шабуылдаған кезде, оның күші мен инерциясын өз пайдамызға жаратып, оны бақылауда ұстауға тырысамыз.


◎Қарсыласты лақтыратын әдістер мен комбинациялар: Айкидо әдістері қарсыластың шабуылдарын тойтарып қана қоймайды, сонымен қатар қарсыласты басқару үшін әртүрлі әдістерді, соның ішінде лақтыру мен комбинацияларды пайдаланады. Бұл әдістер қарсыластың күшін керісінше пайдаланады және басқарады.

 

◎Жұлқынбайтын ақырын біркелкі қозғалыстар: Айкидодағы қимыл-қозғалыстар бірқалыпты болып келеді. Артық күш қолданбау маңызды. Сол  себепті дене қозғалысы мен тыныс алу бір-бірімен байланысты және қарсыластың күшін өзіне қарсы пайдаланып, әдістерді сәтімен қолдану керек.

 

◎Ақыл-ой жаттығулары: Айкидо техниканы меңгеруге ғана емес, ақыл-ойды жаттықтыруға да ерекше мән береді. Қарсы тараппен келіспеушілік пен дауды бейбіт жолмен шешуге ұмтылу және ашу-ыза емес, жанашырлық рухын дамыту маңызды.


◎Жекпе-жек өнерінің ажырамас философиясы: Айкидо жапондық жекпе-жек өнерінің бірегей философиясы мен рухын бойына жинаған өнер. Үйлесімділікті, өзін-өзі дамыту мен жетілдіруді және басқаларға көңіл бөлуді бағалайтын жүрек Айкидодағы маңызды элемент.

Айкидо жекпе-жек техникасын меңгеру тәсілі ретінде ғана емес, рухани өсу мен ақыл-ойды тәртіпке келтіру арқылы адамзатты жетілдіру құралы ретінде де маңызды болып саналады. Айкидоның мақсаттарының бірі – додзё жаттығулары арқылы техника мен рухты шыңдау. Айкидо жекпе-жек түрі деп аталғанмен, ол жерде қарсыласпен күресу, жекпе-жекке шығу деген жоқ.


YouTube сайтында Айкидоның негізін қалаушы Морихей Уэсибаның көптеген бейнежазбасы бар. Қайсын көрсең де, бәрі керемет. Бірақ 1969 жылы түсірілген соңғы демонстрацияның видеосы бейне бір ғажайып сияқты.

➡Сайтқа өту

Кэндо

Кэндо – жапонның жекпе-жек қылыштасу өнері.
Кэндо - дәстүрлі жапондық жекпе-жек мәдениетінен шыққан жекпе-жек өнерінің бір түрі. Мақсаты – самурайлар табының жауынгерлік дағдыларын жаттықтыру үшін қолданатын қылыштасу әдістеріне сүйене отырып, дене мен ақыл-ойды жаттықтыру және адамгершілік құндылықтарды жетілдіру. Бүкілжапондық кэндо федерациясының айтуынша, Кэндо – арнайы жабдықталған қорғаныс киімін киіп, бамбук қылышпен бір-біріне соққы жасап айқасатын дәстүрлі спорт түрі. Бірақ бұл жекпе-жек өнерінің мақсаты –тұрақты жаттығу арқылы жан мен тәнді жаттықтыру және рухты шыңдау.

剣道
カザフスタン日本シルクロード協会 | カザフスタン
Кэндодан өткен халықаралық жарыс
Сурет мына жерден алынды ➡Сайтқа өту

Кэндоның негізгі ерекшеліктері мен элементтері:

1. Қаруы: Кэндода бамбуктан жасалған жасанды семсер шинайды пайдаланады. Шынайы қылыштың орнына шинайды пайдалану қауіпсіздікті қамтамасыз етеді және жаттығуды жеңілдетеді.

 

2. Әдебі мен тәртібі: Кэндода этикет өте маңызды. Жаттығулар мен сайыс кезінде қарсыласы мен ұстазына құрмет көрсету үшін ресми этикет қолданылады. Түптеп келгенде, кэндо тек жекпе-жек әдістері ғана емес, сонымен қатар моральдық аспектілерді қамтитын кешенді жаттығу.

3. Айқас және жаттығу: Кэндо айқастар мен жаттығулар арқылы техника мен ақыл-ой күшін жақсартуға, рухты шыңдауға ерекше көңіл бөледі. Шинаймен айқасқан кезде қарсыласының ойын оқып, алдын ала жылдам қимылдап соққы жасау арқылы есеп жинайды.

 

4. Ақыл-ойды бір жерге шоғырландыру және оның күшін пайдалану: Кэндо қарсыластың қимылдарын алдын ала оқу, ақыл-ойы мен күш-жігерін бір жерге шоғырландыру, сабыр сақтау сияқты қабілеттерді дамытуға көмектеседі. Жеңу немесе жеңілуден бұрын, адам өзін-өзі дамытуға және кемелдендіруге ұмтылуға баса назар аударады.

 

5. Дан беру жүйесі: Кэндода дан жүйесі бар және техника мен ақыл-ой күшінің жетілгенін көрсететін дәрежелер бар. Дәреже белбеу арқылы белгіленеді және дәреже неғұрлым жоғары болса, соғұрлым шеберлік пен ақыл-ойға қойылатын талап өседі.

Кэндоны көпшілік жақсы көреді. Ол тек физикалық қозғалыс пен техникаға ғана емес, рухани өсу мен моральдық кемелдікке де бағытталған жапонның дәстүрлі жекпе-жек өнері.
Дзюдомен қатар кэндо өнері де полиция қызметкерлері үшін міндетті жекпе-жек өнері болып саналады.
Сонымен қатар, 2012 жылдан бастап кэндо Жапонияның барлық орта мектептерінде (толық орта мектептерде міндетті жекпе-жек), дене шынықтыру факультетінде міндетті пән ретінде енгізілді. Алайда кэндоны енгізу қарқыны дзюдодан кейін екінші орында тұр.
2006 жылы жалпыға міндетті оқу орындары болып табылатын толық емес орта мектептердің 1 және 2-сыныптарының дене шынықтыру пәнінде кэндоны ұлдар мен қыздарға бірдей міндетті жаттығу етіп енгізген заң қабылданып, 2008 жылы қайта қаралған оқу бағдарламасына енді.
Осыны негізге ала отырып, 2012 жылдан бастап кэндо барлық орта мектептердің бастауыш сыныптарына енгізілді. Яғни, 2012 жылдан бастап Жапонияның орта мектептерінде ұлдар да, қыздар да дзюдо, кэндо, карате сияқты жекпе-жек өнерін үйрене бастады.
Жекпе-жек өнерінің «киелі орны» деп те аталатын Ниппон Будокан орта мектептердегі міндетті жекпе-жек пәндерінің жай-күйіне үнемі сауалнама жүргізеді. Мектептерге енгізілген жекпе-жек түрлерін пайыз бойынша қарастырсақ, 64,5%-ын дзюдо, 34,4%-ын кэндо, 3,3%-ын сумо, 2,2%-ын карате құрайды. (2019 жылғы Nippon Budokan тұрақты сауалнамасының нәтижелері.
Ел бойынша 9371 мектепте жүргізілген. Жауап беру көрсеткіші 100%.) Яғни, бірінші орында дзюдо, екінші орында кэндо, үшінші орында сумо, төртінші орында карате тұр.

カザフスタン

​Қазақстан-Жапония

Жібек жолықауымдастығы

Контактілер

Хатшылық мекен-жайы

Sanei Building 3F, 5-23-7 Shimbashi, Minato-ku, Tokyo 105-0004

Телефон нөмірі

ТЕЛ: 03-3432-2250      ФАКС: 03-6809-2292

bottom of page