top of page
カザフスタン

Жапон мәдениеті

ЖАПОН СПОРТЫ

Жапонияда батыс елдерінен келген бейсбол және футбол сияқты көптеген танымал спорт түрлері бар. Бұл жерде Жапонияның ұлттық спорт түрі саналатын сумомен және жекпе-жек түрлерімен қысқаша таныстырамыз. Сонымен қатар, жалпы халық арасында кеңінен таралған спорт түрлеріне тоқталып өтеміз.

スポーツ

Бейсбол

Адамның кірпіш тәні мен ақыл-ойын, рухын шыңдайтын жапондық дәстүрлі жекпе-жек түрлерінен басқа, жапондар есі кетіп жанкүйер болып көргенді немесе өздері де ойнағанды жақсы көретін, өздері «ұлттық спортымыз» деп кеткен дәстүрлі емес спорт түрлері де бар.

Жапонияның мұндай «ұлттық спорт түрлеріне» бейсбол, футбол, марафон (ұзақ қашықтыққа жүгіру), теннис, волейбол, жүзу және гольф сияқты спорт түрлерін жатқызуға болады.

 

Бейсбол – тоғыз ойыншыдан тұратын екі команда шабуыл мен қорғанысты алмастыра отырып ойнайтын спорт түрі. Бұл спорт түрі АҚШ-та пайда болған.

1845 жылы қазіргі ойнау формасы мен ережелердің негізі АҚШ-та қалыптасты.
Бейсбол Жапонияға 1872 жылы келген деген дерек бар.

Бейсбол тарихы Жапонияда 1872 жылы американдық мұғалім Горасс Уилсон студенттеріне бейсболды таныстырған кезден басталды деуге болады.

 

Жапонияда екі негізгі кәсіби бейсбол лигасы бар.

Орталық лига және Тынық мұхиты лигасы. Әр лига алты командадан тұрады, матчтар лига ішінде ойналады және әр маусымда жеңімпаз команда анықталады.
Маусым соңында екі лиганың жеңімпаз командалары жылдың ең мықты чемпионын анықтау үшін «Жапония сериясы» деп аталатын матч өткізеді.

 

Мектеп бейсболы кәсіби бейсбол сияқты танымал.

Мектеп оқушылары арасындағы Ұлттық турнир (әдетте Жазғы Кошиэн деп аталады) әр жылдың тамыз айында өткізіледі. Елдің түкпір-түкпірінен таңдалған орта мектептің бейсбол командалары жиналып, жан беріп, жан алысқан сайысқа қатысады.
1915 жылдан бері өткізіліп келе жатқан бұл турнир көпшіліктің көзайымына айналған. Тура бір жаздың дәстүрлі шарасына айналған жарыс.
Негізгі турнирге қатысатын мектептер маусым айының ортасынан шілде айының соңына дейін өтетін аймақтық турнирде анықталып, әр префектурадағы жеңімпаз мектеп негізгі турнирге қатыса алады.
Жалпы аймақтық турнирге 3500-ге жуық мектеп қатысады және жыл сайын Кошиеннің мықты бейсболшылары ойнайтын, көрерменді бейжай қалдырмайтын драмалық мачтарға ұласады.

野球
カザフスタン日本シルクロード協会 | カザフスタン
105-ші Бүкілжапондық мектеп оқушылары арасында өткен бейсбол турниры (Жазғы Кошиэн)
Сурет мына жерден алынды ➡Сайтқа өту

Қазіргі уақытта көптеген жапондық әуесқой және кәсіпқой бейсболшылар Американың Жоғарғы лигасында ойнайды. 1995 жылдан бері Жоғарғы лигада ойнап жүрген Хидео Номо солардың бірі.
«Торнадоның соққысы» деп аталатын ерекше соққы түрімен әлемді баурап алған Номо 30 жылдан кейін Жоғарғы лига ойыншысы атанған екінші жапон.

 

Номоның жетістігі арқасында жапон ойыншыларының Жоғарғы лигаға өтуі жеделдеді. Азиялықтардан Әлемдік серияның ең құнды ойыншысы сыйлығын алғаш жеңіп алған Хидеки Мацуи, «Ең бағалы ойыншы», «Жылдың мықты жаңа ойыншысы», «Үздік шабуылшы» марапаттарына ие болып, «Король», «Күміс қайтарушы» және «Алтын қолғап» титулдарын жеңіп алып, сонымен қатар Жоғарғы лиганың сезонында соққысы дәл тиюден (262 рет дәл тигізген) және тарихта ең көп дәл соққы жасаудан әлемдік рекорд жасаған (Жапония Лигасы мен Жоғарғы лигада 4367 дәл соққы жасап, Гиннестің рекордтар кітабына енген), кәсіпқой бейсболда ойнаған ойындар саны бойынша әлемдік рекордты ұстап тұрған (Жапония Лигасы мен Жоғарғы лигада 3604 матч) майталман ойыншы Ичиро Судзуки, кәсіби бейсболда өте сирек кездесетін құбылыс – бір маусымда питчер болып та, шабуылшы позициясында да ойнайтын Жоғарғы лиганың «қос қарулы» ойыншысы, 2021 жылдың қыркүйек айында Time журналының таңдауы бойынша «әлемдегі ең ықпалды 100 адамның» қатарына кірген Шохеи Отани сияқты жапон бейсболшылары Жоғарғы лигада үлкен табыстарға жетуде.

Соғыстан кейінгі жылдардағы бейсбол алыптары Шигео Нагашима мен Садахару О соғыста қирап қалған Жапонияны адам сенгісіз ғажайыппен қалпына келтіріп, жоғары экономикалық өсу кезеңіне кірген дәуірдің символдары іспеттес.

Олар Жапониядағы барлық жастағы ерлерді де, әйелдерді де «табындырған» супер жұлдыздар болды.

Тек спортшыларға ғана емес, адамдарға үміт пен арман сыйлаған символдық тұлғалар болды.

 

Содан бері талай уақыт өтті, заман өзгерді, өз заманының символына айналған жаңа ойыншылар пайда болды.

Жоғарыда аталған Хидеки Мацуи, Ичиро және Шохеи Отани осы заманның жаңа жұлдыздары іспеттес.  Жапондықтар үшін олар «жәй ғана бір бейсболшы» емес, олар – үміт пен батылдықтың символы.

カザフスタン日本シルクロード協会 | カザフスタン
Сол жағында тұрған Садахару О, оң жағында тұрған Шигэо Нагашима
Сурет мына жерден алынды ➡Сайтқа өту
カザフスタン

​Қазақстан-Жапония

Жібек жолықауымдастығы

Контактілер

Хатшылық мекен-жайы

Sanei Building 3F, 5-23-7 Shimbashi, Minato-ku, Tokyo 105-0004

Телефон нөмірі

ТЕЛ: 03-3432-2250      ФАКС: 03-6809-2292

bottom of page